Матс Юлиан Хуммельс (нем. Mats Julian Hummels; 1988 жылы 16 желтоқсанда Бергиш-Гладбах қаласында Солтүстік Рейн-Вестфалияда туылды) — неміс футболшысы, "Боруссия Дортмунд" клубының капитаны және Германия ұлттық құрмаcының қорғаушысы.
Матс — бапкер Херман Хуммельстің ұлы және «Унтерхахинга» клубының қорғаушысы Йонас Хуммельстің ағасы.
Мансабы Әкесі бапкер болған мюнхендік «Баварияның» тәрбиеленушісі. Алғашында жартылай қорғаушысы позициясында ойнап, кейін толықтай қорғаушы позициясына ауысты.
2005 жылдан бастап Баварияның екінші командасының құрамында болып, 42 матч өткізіп, 5 гол соқты.
2006/2007 маусымнан бастап Матс Баварияның негізгі құрамымен жаттыға бастады,ал 2007 жылы 2 жылдық контракка қол қойды. Алғаш Бундеслигада 2007 жылы 19 мамырда «Майнц 05» клубына қарсы ойнады .
2008 жылы 3 қаңтарда «Боруссия Дортмунд» Хуммельсті жалға алып, 2007/08 маусымды аяқтау керек болды. «Боруссияда» бас бапкер Юрген Клопптың арқасында негізгі құрамға тез ілігіп, 2009 жылы 1 шілдеде клуб Матсты «Бавариядан» 4 миллион 200 мың евроға сатып алды. нобай|Әлем чемпионатының финалында 2010/11 маусымда Матс «Боруссиямен» Бундеслига чемпионы атанды. Матс содан бері 122 матч өткізіп, Германия чемпионатындағы ең үздік қорғаушылардың бірі болды. 2014/15 маусымы басталмай тұрып, Матс «Боруссияның» жаңа капитаны атанды.
Жетістіктері Клубтағы Боруссия Дортмунд Германия чемпионы:2011, 2012 Германия Кубогінің иегері: 2012 Германия Суперкубогінің иегері: 2013,2014
«Бавария (Мюнхен)»
Германия чемпионы (3): 2016/17, 2017/2018, 2018/19 Германия суперкубогы (3): 2016, 2017, 2018 Германия кубогы: 2018/19
Ұлттық құрамада Жастар арасындағы Еуропа чемпионы: 2009 Еуропа 2012 чемпионатының қола медаль иегері: 2012 Әлем чемпионы: 2014
Жеке Бундеслиганың үздік қорғаушысы: 2013/2014
Сыртқы сілтемелер Боруссия Дортмундтың ресми сайтында профилі fussballdaten сайтында профилі
Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары