Алтай жуасы () – амариллистер тұқымдасының жуа туысына жататын өсімдік. Алтай, Зайсан, Тарбағатай тауларында өседі. Тастақты беткейдерде, жартастарда, тау өзендерінің арна маңындағы малта тастарында өседі. Сабағы 80-100 см болатын, мықты, қампиған, ортаңғы бөлігі кеңейген, ұшына қарай тартыңқы. Жапырағы цилиндр тәрізді қылтиған, сабағынан қысқа. Жылтыраған сарғыш гүлдері гүлшоғырға жинақталған. Шілде-тамызда гүлдеп, жаздың соңы мен күздің басында жеміс береді. Вегетативті, пиязшығынан көбейтуге болады. Бактерияларды жоюға пайдаланылады. Халықтық медицинада асқазан жұмысын жақсарту үшін қолданылады. А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012. Дереккөздер
Санат:Амариллистер Санат:Қазақстан флорасы