Криштофович Африкан Николаевич (8 қараша 1885 — 8 қараша1953) — совет палеоботанигі, геология ғылыми докторы (1934), КСРО ғылым академиясының корреспондент мүшесi (1953). УССР ғылым академиясының толық мүшесі (1945). Одесса университетін бiтiрген (1908). 1914 жылдан Геология комитетiнде, 1924 жылдан Ленинград Ботаникалық бағында, кейiн КСРО FА-ның Ботаникалық институтында жұмыс істеген. КСРО-дiң барлық аймағында дерлiк, оның ішінде Қазақстанда және Солтүстік Қытай, Корея, Жапонияда көмiрлi палеоген-неоген және мезозой шөгiндiлерiнiң геологиясы мен стратиграфиясына байланысты палеоботаникалық зерттеулер жүргiзген. Криштофович Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1946).Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6

Дереккөздер

Санат:Санкт-Петербургте қайтыс болғандар Санат:Биология ғылымдарының докторлары Санат:Геология-минералогия ғылымдарының докторлары Санат:КСРО Ғылым Академиясының корреспондент мүшелері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Ботаникалық таксондар авторлары Санат:КСРО геологтары Санат:Ресей империясы ботаниктері Санат:КСРО ботаниктері Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:Санкт-Петербург мемлекеттік университеті оқытушылары