Қаратал мұнай кен орны — Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор темір жол стансасының солтүстік-батысында 80 км жерде, Каспий маңы ойпатының шығыс бөлігінде орналасқан. Кен орны 1954-1960 жылдары барланып ашылған.

Геологиялық сипаты Кен орны 4 қанатты тұз күмбезді құрылымнан тұрады. Төменгі борда 360-443 м тереңдікте бір неокомапт мұнайлы қабаты бөлінген. Иірімнің биіктігі 13-15,6 м. Су-мұнай жапсары -355,6-400 м. Өнімді горизонт терригендік таужыныстардан түзілген, коллекторлары кеуекті. Қабаттарының мұнайға қаныққан қалыңдығы 2,6-3 м, ашық кеуектілігі 21,5% , өткізгіштігі 0,285 мкм2 аралығында, мұнайға қаныққан коэффициенті 0,81. Мұнайдың шығымы 0,54 м3/тәулік, бастапқы қабаттың қысымы 3,65 МПа.

Химиялық құрамы Күкірті аз - 0,4% Парафині аз - 0,65% Шайырлылығы - 34% Хлоркальцийді қабат суларының тығыздығы 1110 кг/м3.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Атырау облысы кен орындары Санат:Қазақстан мұнай кен орындары