Гримшоу, Джон Эткинсон нобай|Белгісіз автордың фотосуреті Туған күні 6 қыркүйек 1836 Туған жері Лидс Қайтыс болған күні 13 қазан 1893 Қайтыс болған жері Лидс Азаматтығы Ұлыбритания Сурет өнері Табиғи сурет

Джон Эткинсон Гримшоу (әдетте Эткинсон Гримшоу, ағылшын John Atkinson Grimshaw, 6 қыркүйек 1836, Лидс —13 қазан 1893, Лидс) — өзінің тұман мен ымырт түскен қалалардың пейзаждарымен әйгілі Викториандық заманның суретшісі.

Өмірбаяны және өнері

Эткинсон Гримшоу Лидс қаласында 1836 жылдың 6 қыркүйегінде дүниені көріп, 1856 жылда өзінің бөлесімен Фрэнсес Хаббард-пен (1835-1917) бірге шаңырақты тұргызды. 1861 жылы ата-анасының тілегіне қарамастан теміржол компаниясының кеңсе кызметкер жұмысын тастап, сурет салуға бастады. Келесі жылдан бастап ол Лидсдің Даналықтану мен Әдебиет Қоғамы атынан көрмелерде қатысады. Сол жылдардың жұмыстары көбінесе құстарды, гүлдерді және жеміс-жидектерді көрсетеді.1. Isabella Steer, The History of British Art, Bath: Parragon, 2002; p. 154. ISBN 0-75257-602-X 1870 жылдарда табысқа жетіп, әйгілі суретшіге айналды және Скарборо қаласындағы үйді жалға алады.

нобай|Темзадағы ымырт, 1880 Ең алдымен Гримшоудың өнеріне прерафаэлиттер әсер етті. Оның пейзаждарының ерекшелігі – нақты түс пен дұрыс жарық, және нысандырдың кіп-кішкентай егжей-тегжейлері. Екінші ерекшілігі – қала көшелердің және қала маңындағы көріністер. Гримшоу Лондон, Лидс, Ливерпуль, Глазго сияқты қалалардың түнгі суреттерді жиі-жиі салған. Суретші нақты жарықты таңдағаны арқылы әр сурет ерекше коңілді жеткізеді.2. Philip J. Waller, Town, City, and Nation, Oxford, Oxford University Press, 1983; p. 99.

Оның кеіңгі шыққан туындыларда ежелгі грек және римдік өмір көріністерді байқауға болады. Сонымен қатар, суретші Лонгфелло мен Теннисонның әдеби кейіпкерлерді суретке салды. Теннисонның әсері Гримшоудың тек өнерінде ғана емес оның өмірінде де көрініп тұр: суретші өз балаларына ақынның өлеңдердегі кейіпкерлердің аттарын берді.3. Wood, p. 172.

1880 жылдары Гримшоу Лондонның Челсидегі шеберханасында жұмыс істеді. Оның көршісі басқа әйгілі суретші Джеймс Уистлер болды.4. Lionel Lambourne, Victorian Painting, London, Phaidon Press, 1999; p. 112. Уистлер Гримшоудың өнерін байқап, сурет салуда ноктюрнді Гримшоу ертерек тапқанды жазды. Бірақ екі суретшінің айырмашылығы – Гримшоудың шынайы көркемөнеріндегі сурет салу тәсілі, ал Уистлердің сурет салуда символдық бейнелерге сүйенуі. Эткинсонның өнері викториандық қаласының жаңбырлы және тұманды бейнесін бізге жеткізді.5. Lambourne, pp. 112-13.

нобай|Клайдтағы кемелер, 1881 Клайдтағы кемелер, 1881 Суретші өзінен кейің ешбір жазуларды, кітаптарды немесе хаттарды қалдырған жоқ. Ол Лидс қаласында 1893 жылдың 13 қазанда қайтыс болып, оның өнері ұмытылды. Тек XX ғасырдың екінші жартысында оның суреттері қайтадан көрмелерге шықты. Қазіргі кезде Гримшоудың жұмыстары Лидс қаласының галереясында үлкен жинақтамасын құрайды.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Atkinson Grimshaw

A collection of Grimshaw paintings

Royal Academy biography

Phryne's list of paintings by Grimshaw in accessible collections in the UK

Paintings Leeds Collection

Джон Эткинсон Гримшоу. Картины 1888 года, созданные под влиянием сообщений прессы о Джеке Потрошителе (фильм, YouTube, русский язык).