Владимир Ахмадьянович Рерих (1.1.1958 ж.т., Талдықорған қ.) – кинорежиссер, кинодраматург. 1983 ж. ҚазҰПУ-ды, 1997 ж. "Әділет" Жоғарғы заң мектебін бітірген. 1985–87 ж. Р. ҚазҰПУ-дың оқу теледидарында реж., 1987–94 ж. "Қазақфильм" киностудиясында реж. көмекші, "Ориент" шығарм.– өндірістік бірлестігінің редакторы, бас редакторы , "Қазақфильм" киностудиясы деректі фильмдер студиясының көркемдік жетекш., деректі фильмдер режиссеры қызметтерін атқарды. 1996 жылдан бастап "Хабар" агенттігінің Бас директорының орынбасары. Ол "Полигон" (О. Рымжановпен бірге, 1990), "Бейтаныс Назарбаев" (С. Әзімовпен бірге, 1998), "Бродвей, Бродвей" (2000), "Старше на десять лет", т.б. деректі фильмдерді түсірді. Сондай-ақ, "Жаманқұм" (1988), "Алтын тері" (1989), "Невада – Қазақстан" (1989), "Ақын өлімі" (1990), "Бақыт іздеушілер" (1991), т.б. деректі фильмдердің сценарий авторы. Қазақстан Мемл. сыйл. иегері (1992). Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-095-8 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Владимир Ахмадьянович Рерих · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.