Брандт Мария Васильевна (7.10.1897, Мәскеу қ. – ө.ж.б., сонда) – актриса, Қазақстанның еңб. сің. артисі (1938). Саратов консерваториясының драма класында оқыған (1917 – 19). 1937 – 61 ж. Мемл. акад. Орыс драма теaтрында актриса болып қызмет етіп, сан алуан жанрдағы спектакльдерде ойнады. 1958 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерімен онкүндігіне қатысты. Киноға түскен. "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-095-8 Дереккөздер

Санат:Актёрлер