thumb|Ұықтап жатқан Ариадна, Ватикандағы мүсін Ариадна () — ежелгі грек мифологиясындағы Крит патшасы Миностың және оның әйелі Пасифаяның қызыМифы народов мира. М., 1991-92. В 2 т. Т.1. С.103Стасин. Киприи, синопсис

Ариадна Крит аралын Минотавр тажалдан құтқарушы Афины батыры Тесейдің шытырманнан (кіріп-шығу жолы өте қиын, шым-шытырық, бөлмелері қисапсыз көп, орасан зор үй) шығуына көмектескен: ол үшін Ариадна Тесейге бір бас төккен жіңішке жіп береді Катулл. Стихотворения LXIV 113—115; Проперций. Элегии II 14, 8; Нонн. Деяния Диониса XLVII 532. Тесей жіптің бір ұшын кіре берістен бастап тарқатып, өзінің жолын белгілеп алады да («Ариадна жібі» Гигин. Мифы. СПб, 2000. С.66).) лабиринттегі тажалды өлтіріп, тартылған жіп желісін бойлап, аман-есен қайта шығады. Ариадна Тесейді сүйеді де, онымен бірге қашады Гомер. Одиссея XI 321. Бірақ Тесей Ариаднаны Афиныға барар жолдағы Наксос (Диа) аралына тастап кетеді. Дионис (құдай) Ариаднаны тауып алады, сонан соң екеуі қосылады.

Ал аңыздың басқа бір нұсқасы бойынша Ариадна Тесей екеуі киелі бақта неке қиған үшін Артемиданың садағының оқтарынан өлген. Гомер. Одиссея XI 321 Схолии к Гомеру. Одиссея XI 321 // Примечания М. Е. Грабарь-Пассек в кн. Феокрит. Мосх. Бион. Идиллии и эпиграммы. М., 1998. С.253.

Ариадна кейіпі өнерде Тициан, Тинторетто, Аннибале Карраччи, Ленен ағайындылар, Ангелика Кауфман, Жан-Батист Грёз, Эжен Делакруа, Морис Дени, Джорджо де Кирико, Ловис Коринт т.б. суретшілер Ариадна кейіпін бейнелеген. Иоганн-Генрих фон Даннекердің "Қабыланның үстіндегі Ариадна" суреті - бүкіл әлемге әйгілі.

Лоренцо Медичи, Ницше, Алану Милн, Марина Цветаева т.б. ақындар мен жазушылар Ариадна туралы көптеген поэма өлең-жыр шығарған.

Клаудио Монтевердинің («Ариадна», 1608), Джованни Альберто Ристоридің , Гендельдің («Криттағы Ариадна», 1733), Иржи Бенданың («Наксостағы Ариадна», 1775), Рихард Штраустың («Наксостағы Ариадна», 1912), Дариюс Мийо («Тағдырдың тәлкегіне қалдырылған Ариадна», 1928), Богуслав Мартину («Ариадна», 1958), Вольфганг Рим («Ария/Ариадна») опералары және Альберу Русселю жазған музыкаға балет (Вакх және Ариадна, 1930), Андре Жоливе музыкасына қойылған балет (Ариадна,1964) күл әлемге әйгілі болған.

Ариаднаның құрметіне 1857 жылы ірі астероидты атаған - (43) Ариадна.

Дереккөздер

Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том

Санат:Ежелгі Грекия