«Сарышаяндар патшасы» () — 2002 жылғы америкалық шытырман оқиғалы фильм. «Мумия қайта оралады» фильмінің спин-оффы. Басты рөлді рестлер Дуэйн Джонсон сомдады. Фильмнің слоганы: «Жауынгер, аңыз, патша».

Сюжет Аккадтық жалдамалы кісі өлтіруші Метаес Мемнон патшаның көріпкелі Касандраны өлтіру туралы бұйрық алады. Шабуыл барысында Метаестің өзі және серіктері тұтқынға түседі. Мемнон Метаестің тұтқынға түскен ағасын өлтіреді. Метаес қашып шығып, Мемноннан кек алуға шешім қабылдайды. Оған кек жолында патшаның көріпкелі көмектеседі. Касандраның болашақты болжайтын қасиеті бар болатын. Метаес пен Касандра нубиялық қолбасы Балтазардың қолына түсіп қалады. Балтазар мен Метаес жекпе-жекке шығып, Метаес жеңіске жетеді. Балтазар Метаеспен бірге Мемнон патшаға қарсы соғысуға келісім береді. Метаес патша сарайында жүріп, өнертапқышпен танысады. Өнертапқыш жарылғыш зат ойлап тапқан болатын. Метаес патшаны жекпе-жекте жеңеді. Мемнон мұнара басынан құлап, сол сәтте өнертапқыш жарылғышты жарып, Мемнонның күлі көкке ұшады. Метаес ағасының кегін алады. Сөйтіп Метаес патша әскерлеріне ие болып, Сарышаяндар патшасы атанады. Касандра Метаестің жары атанады.

Рөлдерде АктёрРөлДуэйн ДжонсонМетаес, Сарышаяндар патшасыРоджер Риспатша ФеронСтивен БрэндМемнонМайкл Кларк ДунканБалтазарКелли ХуКассандраБернард ХиллФилосГрант ХесловАрпид-барымташыРальф МёллерТоракБранскомб РичмондДжесапШерри Ховардханшайым ИсидаПитер ФачинеллиТакмет

Саундтрек «I Stand Alone» — Godsmack «Set It Off (Tweaker Remix)» — P.O.D. «Break You» — Drowning Pool «Streamline» — System of a Down «To Whom It May Concern» — Creed «Yanking Out My Heart» — Nickelback «Losing My Grip» — Hoobastank «Only the Strong» — Flaw «Iron Head» — Rob Zombie feat. Ozzy Osbourne «My Life» — 12 Stones «Along the Way» — Mushroomhead «Breathless» — Lifer «Corrected» — Sevendust «Burn It Black» — Injected «27» — Breaking Point «Glow» — Coal Chamber

Дереккөздер

Сілтемелер Фильмнің ресми сайты

Санат:2002 жылғы фильмдер Санат:Чак Рассел фильмдері