Сары алақоржын () – кеміргіштер отрядының аламантәрізділер тұқымдасына жататын, жылма-жыл саны күрт өзгеріске ұшырап отыратын сирек кездесетін кеміргіш . Саны өте көп болған жылдары Орталық Қазақстаннан бастап Алтайға дейін , ал саны аз жылдары тек Зайсан ойпатында ғана кездеседі . Қар көп жауған қыстар мен құрғақ жаздан басқа әсер ететін анықталмаған факторлар осы түрдің төмендеуінің себебі . Зайсан қорығын ұйымдастыру мен алақоржынды хайуанаттар бағында өсіріп, оның биологиясын зерттеуді қолға алу керек .Қазақстанның қызыл кітабы беттерінен . Омыртқалы жануарлар . (А. Ф. Ковшарь) –Алматы, Алматыкітап баспасы 2012 ж. нобай|оңға|Кеміргіш

Дереккөздер

Санат:Кеміргіштер