нобай|оңға|Диофант Диофант (III ғасыр) - ежелгі грек математигі.
Оның «Арифметика» деген математикалық трактатының бір бөлігі қазіргі кезге дейін сақталып жеткен. Бұл еңбекте 4-дәрежеге дейінгі анықталмаған теңдеулерге түрлендірілетін есептер шешілген. Бұлардың шешімдері рационал оң сандармен(теріс сандарды Диофант қолданбаған) анықталған. Анықталмаған теңеулер көптеген әдістермен шешілген. Белгісізді және оның дәрежесін, теңдік белгісін шартты түрде белгілеу үшін сәйкес сөздерді қысқартып пайдаланған. Диофанттың ғылыми еңбегі француз математигі Пьер Ферманың (1601 - 1665), швейцар математигі Леопард Эйлердің (1707 - 1783) және неміс математигі Карл Гаусстың (1777 - 1855) зерттеулерінің бастама "көзі" болған. Математика әлемі: Математикалық пәндік энциклопедия. Нұрқанат Көбенқұлұлы.
Дереккөздер
Санат:III ғасырда туғандар Санат:Грекияда туғандар Санат:III ғасырда қайтыс болғандар Санат:III ғасыр математиктері Санат:Ежелгі Рим математиктері Санат:Ежелгі грек математиктері Санат:Сандар теориясы математиктері