Ефимия Денисовна ТитоваГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, егіншілер бригадасының звеношысы. 1908 жылы Ресейде, Барнаул облысы, Малая Бутырка деревнясында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 1930 жылы Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Сарқан ауданы, "Искра революции" колхозына жұмысқа кіреді. 1944-1968 жылдары егіншілер бригадасының звеношысы болады. 1947 жылы оның бригадасы 8 гектар жердің әр гектарынан 30 центнерден дән алуға міндеттеме алып, ол үшін қажырлы еңбек үрдісін көрсетеді: сүрі жерді күзде 20-22 см тереңдікте жыртылады; жерді екі ізді етіп малалап, жергілікті тыңайтқышты еңгізіледі; 7-8 см тереңдікке дискілі дәнсепкішпен бір гектар жерге 160 кг тұқым себіледі; екі рет қопсытылып, арамшөптен тазартылады; егін комбайнмен жиналып, әр гектардан 32 центнерден өнім алынып, жоспарды межеленген мөлшерден артығымен орындайды.

Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии

Санат:Социалистік еңбек ерлері