Төкенов ҚасымГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, егіншілер бригадасының звеношысы. 1914 жылы Қарағанды облысы, Нұра ауданында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан.. Еңбек жолын байларда жалшы болудан бастаған ол, колхоз ұйымдастыру кезінде "Өркенді" колхозына кіріп, көптеген жылдар колхозшы болып істейді. 1942 жылы егіншілер бригадасының звеношысы болады. 1946 жылы жаздық бидайдың әр гектарынан 12 центнерден өнім алуға тапсырма алған оның бригадасы сол жылы 20 гектар жердің әр гектарынан 19,5 центнер бидай алады. 1947 жылы 10 гектар жердің әр гектарынан 22 центнерден бидай алуға міндеттеме алып, оны 8,2 центнерге артығымен орындайды. 1948 жылы 10 гектар жердің әр гектарынан 30,2 центнерден астық жинап, үлкен көрсеткіш көрсетеді.
Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері