CASA/IPTN CN-235 — испандық CASA және индонезиялық IPTN бірігіпе жасап шығарған орта қашықтықтық екі қозғалтқыштық көліктік ұшақ. Ұшақ аумақтық және әскери-көліктік болып жасалған. Әскери ұшақтың негізгі міндеттеріне жағалау патрулі, бақылаушы және әуе көлігі жатады. Ұшақтың ең көп қолданушысы Түркияда 61 ұшақ бар.
Тарихы Жобалануы Ұшақты испандық Construcciones Aeronáuticas SA (CASA) мен Indonesian Aerospace (PT. Dirgantara Indonesia, кезінде IPTN деген атаумен белгілі болған) компанияларынан құралған Airtech консорциумы жобалап жасады. Жоба бойынша серіктестік тек 10 және 100/110 серияларын аясында жүргізілді, кейінгі нұсқаларды компаниялар өз бетінше жасады. Қазіргі кезде CN-235 ұшағының әр түрлі нұсқадағы 230 ұшағы қолданыста және олар 500 000 ұшу сағатын жинақтаған.
Жобалау жұмыстары 1980 жылы қаңтарда басталды, ал ұшақтың алғашқы ұшуы 1983 жылы 11 қарашада болды. Испандық және индонезиялық ұшу сертификаттары 1986 жылы 20 маусымда берілді. Бірінші сериялық ұшақ 1986 жылы 19 тамызда алғаш рет ұшты, Ақш ФҰА тип сертификаты 1986 жылы 3 желтоқсанда берілді. Ұшақ қолданысқа 1988 жылы 1 наурызда енгізілді.
1955 жылы CASA CN-235 ұшағының ұзартылған нұсқасын — C-295 ұшағын жобалап бастады. 2002 жыл желтоқсанда Колумбия ӘТК есірткіге қарсы күрес миссиялары мен патрульдік мақсатқа арналған 2 CN-235 ұшағына тапсырыс берді.
2005 жылы сәуірде Венесуэла CN-235 ұшағының 2 теңіз барлау ұшағы мен 10 көліктік ұшақ нұсқаларына тапсырыс берді, алайда тапсырыс тоқтатылды, себебі ұшақ авионикасында американдақ технологиялар бар деген АҚШ үкіметі келісімді жасауға рұқсат бермеді.the U.S. ambassador to Spain, Eduardo Aguirre, said that Washington could refuse to allow U.S. technology to be transferred to Venezuela, adding that "in the long run we hope the sale won't go ahead."
2006 жылы қаңтарда Таиланд Indonesian Aerospace-ке 10 ұшаққа тапсырыс берді, алтауы Қорғаныс министрлігіне, төртеуі Ауыл шарушылық министрлігіне.
2007 жылы желтоқсанда Испания азаматтық гвардиясына арналған екі теңіз патрульдік CN-235 ұшақғына тапсырыс берілді, ұшақтар 2008-2009 жылдары тапсырылды.
2008 жылы маусымда Indonesian Aerospace бір CN-235 MPA ұшағын Индонезия Қорғаныс министрлігіне тапсырды.
2006 жылдың тамызына қарай тек үш CASA CN-235-10 ұшақтары әуекомпанияларында қолданыста болды, африкалық Safair (екеу) мен Tiko Air (біреу) компанияларында.Flight International, 3–9 қазан 2006 2007 жылдың жазына қарай бір CN-235-220 филиппиндік Asian Spirit әуекомпаниясында қолданыста болды.
Ирландияның әуе корпусы екі CASA ұшағын теңіз патрулі ретінде қолдануда.
Соңғы екі CN-235S АҚШ ӘӘК құрамындағы мақсат белгісіз 427 Арнайы операциялар эскадрильясында (бұрынға Поуп әуебазасы, Солтүстік Каролина) қолданыста.USAF Serial Number Search CN-235
2008 жылы шілдеде Мексика ӘТК алты CASA CN-235S ұшақтарын Испаниядан тапсырыспен алатынын мәлімдеді.http://blog.elgrancapitan.org/?p=586 2010 жылы сәуірде Эрве Морен, Франция қорғаныс министрі, сегіз CN-235-300 ұшағына Испанияға тапсырыс бергенін хабарлады.
2011 жылы Indonesian Aerospace 96 миллион долларға бағаланған Оңтүстік Корея жағалау қызметіне арналған 4 CN-235-110 теңіз патрульдік ұшатары бойынша жұмыс жасап жатты.
Нұсқалары
thumb|оңға|Франция/Ирландия/АҚШ/Эквадор қолданысындағы Casa CN-235 ұшақтары
CN-235-10 Бастапқы өндірістік нұсқа (екі компания 15 ұшақ жасап шығарды), GE CT7-7A қозғалтқыштарымен жабдықталған.
CN-235-100/110 Негізінен 10 серияға ұқсас, бірақ жаңа композитті материалдан жасалған гондолада орналасқан GE CT7-9С қозғалтқышымен; 1988 жылы 31 сериялық ұшақтан бастап өндірісте 10 серияны алмастырды. 100 сериясы Испанияда, ал 110 сериясы Индонезияда өндірілген. 110 сериясы ұшақтарында электронды, ескерту және экологиялық жүйелер жақсартылған.
CN-235-200/220 Жақсартылған нұсқа. Ұшақтың қанаты мен бағыт рулінің аэродинамикасы жақсартылды, ұшу алаңы ұзындығына талаптары азайтылды және максимал пайдалы жүктемесімен ұшу қашықтығы ұзартылды. 200 сериясы Испанияда, ал 220 сериясы Индонезияда өндірілген.
CN-235-300 Honeywell International Corp. авионикасы орнатылған 200/220 сериясы ұшақтарының нұсқасы. Басқа жақсартулар ішінде қысымы жақсартылған және екі дөңгелектен тұратын алдыңғы шасси де бар.
CN-235-330 Phoenix IPTN ұсынған 200/220 сериясының модификациясы, ұшақта жаңа Honeywell авионикасы, ARL-2002 EW жүйесі орнатылған және максимал ұшу салмағы 16.800 кг дейін көбейтілген. Аустралия Корольдік Әуе күштерінің тактикалық жүк тасымалдаушы ұшағының №5190 жобасы бойынша дайындалды, алайда қаржылық қиындықтарға байланысты жоба 1998 жылы жабылды.
CN-235 MPA Теңіз патрулі. Ұшақта AM-39 Exocet-Missiles немесе Mk.46-Torpedos ракеталарына арналған 6 түйін ілмек бар.CN-235 Persuader Maritime Patrol Aircraft – Airforce Technology
HC-144 Ocean Sentry АҚШ Жағалауы күзетіне арналған ұшақ нұсқалары. 22 жаңа ұшақ кішірек HU-25 Guardian ұшақтарын алмастырады деп жоспарланған. 2010 жылға қарай 12 ұшақ тапсырылған.
Қолданушылары Әскери қолданушылары thumb|400px|CN-235 ұшағының қолданушылары:
Боствана қорғаныс күштері Hoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 46.
Бруней Корольдік ӘӘК (1)Hoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 47.
Буркина-Фасо әскері (1)
Камерун ӘӘК 2012 жылы маусымда бір CN-235 ұшағына тапсырыс берді. Ұшақ тапсырылуы 2013 жылдың шілдесіне жоспарланған.Airbus Military welcomes Cameroon as new operator.
Чили әскері Hoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 48.
Колумбия ӘӘК Колумбия ӘТКHoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 49.
Эквадор ӘӘК Эквадор ӘТК
Франция ӘӘК Hoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 50.
Габон ӘӘК Hoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 51.
Индонезия ӘӘК Hoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 52. thumb|Ирландия әуе корпусының CASA CN-235 теңіз патрульдік ұшағы Индонезия ӘТК CN235MPA
Ирландия әуе корпусы (2 x CN235MP)Hoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 53.
Иордания Корольдік ӘӘК (2 Түркия ӘӘК-не лизингке берілген, кейінрек оларды ATK ұрыстық ұшаққа қайта жабдықтайды)
Малайзия ӘӘК Hoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 55.
Мексика ӘТК (Мексика Конгрессі алты CN235-300MPA ұшағын сатып алуға бюджетті бекітті. Алғашқы екі ұшақ 2010 жылы қыркүйекте тапсырылды.http://www.semar.gob.mx/transparencia/informes_labores/2_inf_labores.pdf ) Мексика Федералды полициясы (2x CN235)Mexican Police Aviation
Марокко ӘӘК
Пәкістан ӘӘК (4× CN235-220)
Папуа Жаңа Гвинея қорғаныс күштеріHoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 57.
Корея Республикасы ӘӘК (20; 12 ұшақты CASA Испанияда, 8 ұшақты IPTN Индонезияда өндірді)Jackson 2003, p. 207. Корея жағалау күзеті (4)
Сауд Арабиясы Корольдік ӘӘКHoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 59.
Сенегал ӘӘК
Испания ӘӘК (18)Hoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 60. Испания Азаматтық гвардиясы (2x бақылау ұшағы)
Таиланд Корольдік ӘӘК
Түркия ӘӘКHoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 61. Түркия ӘТК Түркия жағалау күзеті
БАӘ ӘТК
АҚШ ӘӘКHoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 63. Ақш жағалау күзеті – EADS CASA HC-144 Ocean Sentry қараңыз
Йемен ӘӘК Hoyle Flight International 11–17 желтоқсан 2012, p. 64.
Техникалық сипаттамасы Сипаттамалар CN-235-100 Экипаж 2 ұшқышСыйымдылығы 44 жолаушыҰзындығы 21,40 мҚанат жаймасы 25,81 мҚанат ауданы 59,10 м²Биіктігі 8,177 мФюзеляж ені 2,90 мСалон ені 2,70 мМаксималді ұшу салмағы 16500 кг Крейсерлік жылдамдығы 389 км/сағ (4575 м биіктікте)Максималді жылдамдық 452 км/сағҰшу қашықтығы 4720 кмМаксимал көтерілу биіктігі 5485 мҚозғалтқыштар (2×) General Electric CT7-9C ТВҚҚозғалтқыштың қуаты әрқайсысы 1394,5 кВт Дереккөздер: Jane's All The World's Aircraft 1993–94Lambert 1993, pp. 127–128., MILITARY INFORMANT
Апаттар 2011 жылдың 23 маусымына сәйкес түрлі ресми емес шетелдік ақпараттарға сәйкес 9 ұшақ түрлі әуе апаттарына ұшыраған. Апаттарда 92 адам қаза тапты.ASN Aviation Safety Database. CASA/Nurtanio CN.235
УақытыБорт нөміріАпат орныҚұрбандарҚысқаша сипаттама25.02.1992 left|22px Тениенте Марша атындағы әуежай, Антарктика0/1121.07.2005 Ачех3/2311.02.2013 Конакри11/11
Тағы қараңыз EADS CASA C-295
Дереккөздер
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Airbus ұшақтары Санат:Әскери ұшақтар