Сандригайло Николай ФадеевичҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1966), Қазақстан қара металлургиясын дамытуға үлес қосушы. 1909 жылы Ресейде, Екатеринбург қаласында туған.

Еңбек жолы Еңбек жолын 1925 жылы бастаған. 1940 жылдан КОКП мүшесі. 1931 жылы Төменгі Тагил кен металлургия техникумын, Свердловск кен институты жанындағы Жоғары инженерлік курсты бітірген. Урал кен кәсіпорындарында учаске, экскаватор цехы бастығы, Бакал, Златоуст, Лебяжі рудниктері басқармасының бастығы, бас инженері болып еңбек етті. 1953 жылы - Гороблагодатск "Уралруда" тресі бастығының орынбасары. 1954 - 1972 жылдары - Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинатының директоры.

Жетістігі Қазақстан Компартиясы ОК-нің мүшесі болған. 6-7 сайлауды ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

Наградалары Ленин ордені Октябрь революциясы ордені 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері (1966)

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Қазақстан кеншілері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары