Футболдан Люксембург Ұлттық құрамасы (, , ) — Футболдан халықаралық матчтарда өнер көрсетіп жүрген Люксембург құрамасы.

Еуропадағы аутсайдер құрамалардың бірі.

Тарихы Алғашқы ойынын 1911 жылы 29 қазан күні Францияға қарсы өткізіп, 1:4 есебімен жеңіліп қалды. 1934 жылы алғаш рет әлем чемпионатының іріктеуіне қатысты. бірақ екі ойында да жеңіліп қалды.

Ешқашан әлем және Еуропа чемпионаттарына қатысқан емес. Бірақ сенсация жасаған матчтары жетерлік: мәселен, 1962 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Португалияның өзін 4:2 есебімен ұтып кетті. Ал 1964 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуінде Нидерландыны қапы қалдырды! Келесі сатыда Дания футболшылары бұларды үш ойын өткізіп барып әрең ұтты — 1:1, 3:3, 0:1.

1996 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуінде 10 ұпай жинады. Турнир барысында Еуропаның болашақ күміс жүлдегерлері Чехияның өзі тізе бүкті.

Танымал ойыншылары

Нико Браун — 40 (9) Жефф Штрассер — 98 (7) Ги Эллер — 55 (2) Лион Март — 24 (16) Виктор Нюренберг — 19 (5) Карло Вайс Мануэль Кардони — 68 (5) Поль Кох Луи Пило — 49 (7) Джон ван Рейсвейк Орельен Йоахим — 47 (6) Дереккөздер

Сiлтемелер Люксембург Ұлттық футбол құрама командасы ФИФА ресми сайтада

Санат:Люксембург Ұлттық футбол құрамасы Санат:Люксембург ұлттық құрамалары