Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы — халықаралық матчтарда өнер көрсететін Қазақстан футбол құрамасы. Қазақстан футбол федерациясының бақылауында. 1994 жылы ФИФА және АФК-ға мүше болды. Кейін 2002 жылы УЕФА-ға ауысты.

Құрама үшін ең көп ойын өткізген Самат Смақов — 76 ойын. Ал ең үздік бомбардир — Бақтияр Зайнутдинов (14 гол).

2024 жылғы 4 сәуірде ұлттық құрама ФИФА рейтингінде 103-ші орында.

Тарихы АФК-да Тарихтағы тұңғыш кездесуін 1992 жылы 1 маусым күні Алматыда Түрікменстан құрамасына қарсы өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Құрама 1995 жылға дейін тек Орта Азия құрамаларымен ойнады, тек 1997 жылы 16 шілде күні Ливия құрамасымен бақ сынасты.

Ең алғашқы ресми кездесуін Қазақстан құрамасы 1996 жылғы Азия Кубогының іріктеу турнирінде өткізді. 7-ші топта Сирия және Катар құрамаларымен бір топқа түсіп, алғашқы кездесуінде Катар құрамасын 1-0 есебімен жеңді. Бұл осы іріктеудегі құраманың соққан жалғыз добы болатын. Одан кейін олар қалған үш кездесудеде бірде-бір доп соға алмай, қақпасына барлығы алты доп жіберіп алып, жеңіліп қалды.

1998 жылғы ӘЧ-ның іріктеуінде Қазақстан Ирак және Пәкістан құрамаларымен 9-шы топқа түсті. Алғашқысын 2-1, 3-1 есебімен жеңсе, екіншісін 3-0, 7-0 есебімен жеңді. Екінші раундта Оңтүстік Корея, Жапония, БАӘ, Өзбекстанмен бірге В тобына түсіп соңғы орын алды. Біреуінде жеңіп, үшеуінде тең түсіп, төртеуінде жеңіліп қалды.

2000 жылғы Азия Кубогының іріктеуінде Катар, Иордания, Палестина, Пәкістан құрамаларымен бір топқа түсіп екінші орын алды. Топ жеңімпазы Катардан 1 ұпай қалып қойды.

2002 жылғы Әлем Чемпионатына іріктеуде Ирак, Непал және Макао құрамаларымен бір топқа түскен Қазақстан Ирак құрамасымен ұпайы тең түсіп, қосымша көрсеткіші бойынша қалып қойды.

УЕФА-да 2000 жылы ҚФФ Азиялық аймақтағы футболдың даму перспективасы төмен деген көзқараспен Еуро аймаққа өтудің жолдарын іздеді. Қазақстанның географиясындағы Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстары Еуропаға кіріп тұрғандықтан, 2002 жылы Қазақстан УЕФА-ға қабылданды. Сондықтан Қазақстан өту кезеңінде болғандықтан 2004 жылғы Азия Кубогы мен Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне қатысқан жоқ.

2006 жылғы ӘЧ-на іріктеуде Қазақстан тұңғыш рет Еуро аймақта өнер көрсетті. Украина, Түркия, Дания, Грекия, Албания және Грузия құрамаларымен бір топқа түсіп, 12 ойында 1 ғана ұпай жинап соңғы орын алды.

2006 жылдың басында құраманы голландиялық маман Арно Пайперс баптады. ЕУРО-2008 іріктеуінде 14 матчтың екеуінде жеңіске жетіп, 4 матчта тең түсті. Нәтижеде 8 құраманың арасында 6-ші орын алды.

2010 жылғы әлем чемпионатының іріктеуін Қазақстан құрамасы сәтсіз бастады. Осының салдарынан Арно Пайперс қызметінен кетті де, орнына неміс маманы Бернд Шторк келді. Шторк та құраманы көтере алмады. Пайперстің кезінде алаңға тұрақты шығып жүрген футболшылардың көбін құрамадан шеттетті, соның кесірінен Максим Жалмағамбетов, Егор Азовский, Қайрат Әшірбеков, Александр Кучма сынды футболшылар Шторктың тұсында құрамамен бір жола қоштасты. Сол уақытта Қазақстан чемпионатында жасындай жарқылдап жүрген Мұрат Тілешевті "менің басқару мәнеріме сай емес" деп құрамаға мүлде шақырмады. Тіпті Нұрбол Жұмасқалиев та ұзақ уақыт бойы құрамаға іліне алмады. Есесіне Таңат Нөсербаев, Жамбыл Көкеев сынды жастарға есік ашылды, алайда нәтиже сол баяғыша қалды, Қазақстан үнемі жеңілумен болды.

Құрама бірнеше рет ірі жеңіліске ұшырап, 2011 жылы Мирослав Беранек келді. Беранек келісімен құраманың ойыны аздап болса да жүйеге түсіп, шамалы дұрысталды. Бірақ 2013 жылы құрамадан ол да кетті. Одан кейін келген Юрий Красножан, Талғат Байсуфинов, Александр Бородюк секілді бапкерлер де айтарлықтай табысқа жете алмады.

2018 жылдың 1 наурызында құрамаға болгариялық маман Станимир Стоилов келді. Стоиловтың кезінде құрама қатысқан жалғыз ресми турнир УЕФА Ұлттар Лигасы болды. Андорра, Грузия, Латвия құрамаларымен Д лигасында бір топқа түсіп, екінші орында қалды. Бұл нәтижеге өзінің де көңілі толмаған болса керек, 2019 жылдың басында Стоилов қызметтен өз еркімен кетті. Оның орнына чехиялық маман Михал Билек келді.

Билектің тұсында есте қаларлықтай бірер матчтар болды, мәселен, ЕУРО-2020 турнирін жеңіспен бастады, алғашқы турда Шотландияны 3:0 есебімен ойсыратты. Бірақ кейін топта үшінші орынға шығу мүмкіндігін бос жіберіп алды, өз алаңында күтпеген жерде Кипрден ұтылып қалды. Соңғы турдың алдында сырт алаңда Сан-Мариноны ұтқаны көмектеспеді, бесінші орында қалды.

2020/21 жылғы Ұлттар лигасында Қазақстан тіпті нашар ойнады, Албания, Беларусь, Литва құрамаларымен бір топқа түсіп, соңғы орында қалды.

2020 жылы 14 желтоқсанда құрама бапкері боп қайтадан Талғат Байсуфинов тағайындалды. 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде де Қазақстан үш ұпаймен соңғы орында қалды. Турнир барысында Байсуфинов құрамды жиі ауыстыра берді, ресми ойындарды сынақ ойындарына айналдырып жіберді, бір сөзбен айтқанда, нақты оптималды құрамды таба алмады. Нәтижесінде 2021 жылы 13 қарашада сырт алаңда Франциядан 0:8 есебімен ұтылып, тарихтағы ірі жеңілістер антирекордың жаңартты.

2022 жылы наурыз айында Андрей Карпович бапкер қызметін атқарушы боп тағайындалды. Ол 2 ойын өткізгеннен кейін, оның орнына ресейлік маман Магомед Адиев келді. Адиев Қазақстан құрамасы тарихындағы ең табысты бапкер атана бастады: Сол жылы УЕФА Ұлттар лигасының С дивизионында төрт кездесуде жеңіске жетіп (Словакияны екі рет, Әзірбайжан мен Беларусті 1 реттен), В дивизионына жолдама алды. Құрама бұрын-соңды УЕФА қарамағындағы турнирлерде топ жарған емес. Жыл соңында құрамамен келісім шартты 2024 жылға дейін созды.

2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуінде де Қазақстан жақсы ойнады. Алғашқы төрт турдың үшеуінде қарсыластарын ұтты (сондай-ақ қатарынан үш кездесуде, бұл УЕФА туы астында бұрын соңды болмаған жетістік). Жеңілген құрамалар қатарында Сан-Марино, Дания, Солтүстік Ирландия болды.

2024 жылдың 3 маусымында, Магомед Адиев кеткен соң, құраманың бас бапкері болып Станислав Черчесов тағайындалды.

Жетістіктері Аймақтық турнирлер Орта Азия кубогының жеңімпазы: 1992 Алма.ТВ кубогының жеңімпазы: 2007

УЕФА Ұлттар лигасының С3 тобының жеңімпазы: 2022

Құрамы Ағымдағы құрам 2024 жылы 6, 9 қыркүйекте Норвегия, Аустрия құрамаларына қарсы ойынға шақырылған футболшылар ФутболшыТуған күніКлубДебютӘзірше соңғы матчОйынГолҚақпашылар:№12 - Игорь ШАЦКИЙ11.05.89 "Ақтөбе"21.02.197.06.2429–38№1 - Стас ПОКАТИЛОВ8.12.92 "Тобыл"31.03.1513.11.2126–46№16 - Александр ЗАРУЦКИЙ26.08.93 "Астана"11.06.2411.06.241–1№ - Темірлан АНАРБЕКОВ14.10.2003 "Жеңіс"————Қорғаушылар:№2 - Сергей МАЛЫЙ5.06.90 "Ордабасы"5.03.1414.03.24681№21 - Абзал БЕЙСЕБЕКОВ30.11.92 "Астана"13.10.1421.03.2449—№22 - Александр МАРОЧКИН14.07.90 "Астана"8.06.1911.06.2445—№11 - Ян ВОРОГОВСКИЙ7.06.96 "Астана"10.06.1711.06.24445№3 - Нұралы ӘЛІП22.12.99 "Зенит" 26.03.1811.06.2433—№23 - Марат БЫСТРОВ19.06.92 "Астана"21.02.1911.06.2430—№16 - Еркін ТАПАЛОВ3.09.93 "Тобыл"4.06.217.06.2416—№16 - Михаил ГАБЫШЕВ2.01.90 "Елім-ай" 4.06.2111.06.24121№5 - Роман АСРАНКУЛОВ30.07.99 "Тобыл"14.03.2411.06.243—№ - Лев СКВОРЦОВ2.02.2000 "Шинник" 26.03.2317.11.236—№ - Әлібек ҚАСЫМ27.05.98 "Ақтөбе"4.06.2111.06.244—№ - Асхат БАЛТАБЕКОВ6.11.93 "Жетісу"————Жартылай қорғаушылар:№8 - Асхат ТАҒЫБЕРГЕН9.08.90 "Ордабасы"7.06.1411.06.24542№10 - Бауыржан ИСЛАМХАН23.02.93 "Ордабасы"29.02.1211.06.24524№19 - Бақтиёр ЗАЙНУТДИНОВ2.04.98 "Бешиктеш"23.03.1826.03.243614№20 - Рамазан ОРАЗОВ30.01.98 "Силькеборг"31.03.2111.06.24271№7 - Елхан АСТАНОВ21.05.2000 "Астана"28.03.217.06.24151№6 - Айбол ӘБІКЕН1.06.96 "Ордабасы"9.09.1929.03.22141№9 - Ислам ЧЕСНОКОВ21.11.99 "Тобыл"7.09.2326.03.2473№ - Арман КЕҢЕСОВ4.09.2000 "Ақтөбе"16.06.2311.06.244—№ - Андрей УЛЬШИН18.04.2000 "Қайрат" (Алматы)————Шабуылшылар:№17 - Абат АЙЫМБЕТОВ7.08.95 "Адана Демирспор"8.06.1911.06.24399№11 - Айбар ЖАҚСЫЛЫҚОВ24.07.97 "Қайсар"11.10.2019.11.229—№ - Оралхан ӨМІРРТАЕВ16.07.98 "БАТЭ" 19.11.1813.11.1951№ - Рамазан КӘРІМОВ5.07.99 "Астана"28.03.2131.03.212—

Бапкерлер Жаттықтырушылар штабы 2026 жылғы 7 тамыз жағдай бойынша ҚызметіБапкерБас бапкер Джон ван 'т СхипБас бапкердің көмекшісі Нұрбол ЖұмасқалиевБас бапкердің көмекшісі Елдос АхметовҚақпашылардың жаттықтырушысы Юрий НовиковДене даярлығы жаттықтырушысы Вадим БоровскийСарапшы бапкер Тимур Құсаинов

Бас бапкерлер 2026 жылғы 7 тамыздағы жағдай бойынша Жұмыс уақытыБапкер1 маусым 1992 — 25 қазан 1992 Бақтияр Байсейітов743057,1411 сәуір 1994 — 17 сәуір 1994 Бауыржан Баймұхамедов412125,0027 желтоқсан 1995 — 8 қараша 1997 Серік Бердалин20641030,001 желтоқсан 1998 — 12 желтоқсан 1998 Сергей Гороховадацкий521240,0020 наурыз 2000 — 7 қазан 2000 Ваит Талғаев950455,5610 желтоқсан 2000 — 10 желтоқсан 2000 Владимир Фомичев10010,0012 сәуір 2001 — 7 шілде 2002 Вахид Масудов944144,4412 ақпан 2003 — 28 сәуір 2004 Леонид Пахомов90270,008 қыркүйек 2004 — 12 қазан 2005 Сергей Тимофеев1301120,0012 ақпан 2006 — 10 қыркүйек 2008 Арно Пайперс367111819,4411 қазан 2008 — 12 қазан 2010 Бернд Шторк14301121,439 ақпан 2011 — 15 қазан 2013 Мирослав Беранек24561320,835 наурыз 2014 — 13 қазан 2015 Юрий Красножан1736817,6526 наурыз 2016 — 27 ақпан 2017 Талғат Байсуфинов521233,3327 ақпан 2017 — 8 қаңтар 2018 Александр Бородюк70160,501 наурыз 2018 — 17 қаңтар 2019 Станимир Стоилов521250,0019 қаңтар 2019 — 9 желтоқсан 2020 Михал Билек1853100,3314 желтоқсан 2020 — 9 наурыз 2022 Талғат Байсуфинов91350,169 наурыз 2022 — 27 сәуір 2022 Андрей Карпович210150,0027 сәуір 2022 — 31 мамыр 2024 Магомед Адиев21111952,383 маусым 2024 — 27 қаңтар 2025 Станислав Черчесов80170,0027 қаңтар 2025 — 8 қыркүйек 2025 Әли Әлиев310233,3328 қаңтар 2026 — 22 маусым 2026 Талғат Байсуфинов833237,57 тамыз 2026 — қазірге дейін Джон Ван ’т Схип00000,00

Жылдар бойынша ФИФА рейтингі 199419951996199719981999200020012002200320042005200620072008200920102011201220132014201520162017201820192020202120222023 15px 153 15px 163 15px 156 15px 107 15px 102 15px 123 15px 120 15px 98 15px 117 15px 136 15px 147 15px 137 15px 135 15px 112 15px 137 15px 125 15px 138 15px 138 15px 142 15px 128 15px 139 15px 132 15px 98 15px 137 15px 119 15px 118 15px 118 15px 122 15px 114 15px 100 Дереккөз: FIFA/Coca-Cola Men's Ranking

Рекордшылар 2023 жылғы 21 қарашадағы жағдай бойынша

Жуан жазумен жазылған ойыншылар Қазақстан құрамасында әлі де белсенді.

нобай|220x220px|Самат Смақов Ұлттық құрама сапында ең көп ойын өткізген футболшы (76 матч).

+ Ең көп ойын өткізгендер#ФутболшыОйынГолЖылдар1Самат Сымақов7622000–20172Сергей Малый7512014-3Руслан Балтиев73131997–2009Исламбек Қуат7362015–4Асхат Тағыберген6332014-20255Нұрбол Жұмасқалиев5872001–2014Юрий Логвиненко5852008–20226Бауыржан Исламхан5642012–7Андрей Карпович5532001–20148Сергей Хижниченко5282009–2020 нобай|237x237 нүкте|Бақтияр Зайнутдинов 14 гол соққан Қазақстанның үздік бомбардирі. + Үздік бомбардирлер#ФутболшыГолОйынАрақатынасЖылдар1Бақтияр Зайнутдинов15340,412018–2Руслан Балтиев13730,181997–20093Виктор Зубарев12180,671997–20024Абат Айымбетов9450,262019–5Дмитрий Бяков8330,242000–2008Сергей Хижниченко8520,152009–20207Нұрбол Жұмасқалиев7580,122001–20148Игорь Авдеев6270,221996–2005Олег Литвиненко6280,211996–2006Сергей Остапенко6420,142007–2014Исламбек Қуат6730,102015–

Ең кеш дебют: Юрий Ишутин, туғанына 37 жас, 20 күн болғанда 1996 жылы 12 маусымда құрамадағы алғашқы кездесуін өткізген. Ең ерте дебют: Дастан Сәтбаев, туғанына 16 жас, 7 ай, 8 күн болғанда 2006 жылы 14 ақпанда Иордания құрамасымен болған ойында алғашқы кездесуін өткізген.

Матчтар санағы Төменде Қазақстан ұлттық құрамасының басқа елдердің құрама командаларына қарсы шығу статистикасы келтірілген. Деректер 2024 жылғы 5 қыркүйектегі жағдай бойынша түзетілген.