Қабидолла Қобланұлы ТұрғынбаевҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1981), ҚазССР-інің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері (1971). 2 қаңтар 1930 жылы Қостанай облысы, Семиозерный ауданы (қазіргі Әулиекөл ауданы), Лукьяновка ауылында туған.
Еңбек жолдары Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 1946-1947 жылдары - Семиозер ауданының Абай атындағы колхозында кіші зоотехник. 1947-1951 жылдары - 1 Май ауылдық Советінің секретары. 1951-1952 жылдары - А.А.Жданов атындағы Ленинград әскери-инженерлік училищенің курсанты. 1952-1960 жылдары - Семиозер ауданындағы "Диев" совхозының ферма меңгерушісі. 1960-1980 жылдары - "Целинный" совхозының директоры. 1980 жылдан бастап Семиозер ауданы партия комитетінің 1-секретары болды. 1957 жылдан КОКП мүшесі болған.
Жетістігі 1976-1981 жылдары Қазақстан КП ОК-інің мүшесі болды. 6-шы сайлауда - КСРО Жоғарғы Советінің депутаты. ҚазССР-інің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері (1971)
Наградалары 2 мәрте Ленин ордені Октябрь революциясы ордені Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері (1981)
Дереккөздер
Кабидолла Тургумбаев, Костанайская целина в лицах// Биобиблиографический сборник, стр. 11 — 12 Костанайская область [Текст] : энциклопедия / Костанайскийсоциально-технический университет. — Алматы, 2006. — С. 662 Қазақ ССР[Мəтін]: 4 томдық қысқаша энциклопедия / бас ред. Р. Нұрғалиев. -Алматы, 1987. — 2 т. — 548 Календарь дат и событий Костанайской области на 2010 год, Выпуск 37, Костанайская областная универсальная научная библиотека им. Л. Н. Толстого, Костанай, 2009, стр. 5
Санат:Социалистік еңбек ерлері