Нина Григорьевна ЧекушинаҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1973), өнеркәсіп өндірісінің озаты. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1975). 25 шілде 1928 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданы, Бурылбайтал (Бурыл) ауылында туған.
Еңбек жолы 1945-1979 жылдары Балқаш кен-металлургия комбинатының байыту фабрикасында аға флотатор болып еңбек етті. 1965 жылдан КОКП мүшесі. 1984 жылдан бастап комбинаттың кәсіподақ комитетінде қызметте болды. 1973 жылы 30 т мыс концентратының орнынан 170 т мыс концентратын қорытып міндеттемесін асыра орындады.
Жетістігі КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1975) 5-ші сайлауда ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты болды.
Наградалары 2 мәрте Ленин ордені Социалистік Еңбек Ері (1973) Медальдар
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері
Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары