Біләл Ықыласов ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Қазақстанның кен өндірісінде стахановшылар қозғалысын бастаушы. 1905 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Сырым ауылында туған.
Еңбек жолдары Еңбек жолын 1922 жылы бақташы болудан бастады. 1929-1931 жылдары Екібастұз көмір кендерінде, Павлодарда жұмысшы болып істеді. 1931 жылдан Риддер полиметалл комбинатының рудниктерінде жұмыс жасады. 1935 жылы рудникте стахановшылар қозғалысының алғашқы бастамашысы болып, 29 қыркүйекте сменалық нормасын 485 процентке орындап шыққан. Бұл одақтық жаңа рекорд еді. Оның бастамасын рудниктің басқа да жұмысшылары қолдап, стахановшылар қозғалысы бұқаралық сипат алады. 1937 жылы бұрғылау ісіне стахановтық жұмыс әдістерін енгізу жөніндегі нұсқаушысы болып тағайындалады. 1939 жылы - КОКП мүшесі.
Жетістігі Одақтық рекордшы (1935 ). 1-сайлауда ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты.
Наградалары Ленин ордені Медальдар
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері