Эквадор (), ресми атауы Эквадор Республикасы ( ) — мемлекет, Оңтүстік Американың солтүстік-батысында орналасқан. Испан тілінен аударғанда «экватор» деген мағынаны білдіреді.

Батысында Тынық мұхиты шайып тұр, солтүстігінде Колумбиямен, ал шығыс пен оңтүстігінде Перумен шекаралас. Эквадордың құрамына Галопогостық аралдар кіреді. Халққы 17,8 млн адам (2021).

Тарихы Испандық отарлауға дейiн Қазіргі Эквадордың аумағында әр түрлi үндiс тайпалары өмiр сүрдi - кара, киту, тумбе, каньяри және басқа. Оларлар жануарларды аулады, балықшылық және егiншiлiкпен айналысты.

Б.з. 1-шi мыңжылдық соңында жағалауда тұрған «кара» үндіс тайпасы, таулы аймақтарға шабуыл жасап, басып алды. Ондағы «киту» және т.б. тайпалардың көзін жойды. Кейіннен олар жаңа мемлекетті ашты, оны латынамерикалық әдебиетінде «Киту патшалығы» деп атайды. Біртіндеп ол нағыз мемлекетке айнала бастады.

XV ғасырда(1460 жылдар) «Киту патшалығы» Тауантинсуйу инктер тайпасымен жаулап алынды(жаулап алу 15 жыл созылды). Инктер мемлекетінің көп бөлігін кечуа үндіс тайпасы құрады. Жаулап алу нәтижесінде қазіргі Эквадор аймаіында кечуа тілі үндіс тілінде ең қатты тараған тіл болды.

Дереккөздер

* Санат:БҰҰ мүше мемлекеттері