Уики () — сайттың өзі беретін құралдар арқылы оның құрылымы мен құрамын қолданушылардың өздері өзгерте алатын веб-сайт. Мәтінді форматтау мен оған әртүрлі объекттерді қосу уики-мәтінді қолдану арқылы жүзеге асады. Бұл технологияның негізінде Уикипедия мен Уикимедиа қорының басқа да жобалары құралған.

Уикидің мәні

Уорд Каннингем және оның соавторы Бо Леуф өздерінің «The Wiki Way: Quick Collaboration on the Web» кітабында уики концепциясының мәнін былайша түсіндірген: Уики барлық қолданушыға еш қосымшасыз қарапайым браузердің көмегімен кез келген бетті өңдеуге немесе жаңа бет жасауға мүмкіндік береді. Уики әртүрлі беттер арасындағы байланысты оңай сілтемелер жасау мүмкіндігі арқылы және сілтеме жасалған беттердің бар-жоқтығын білдіру арқылы қамтамасыз етеді. Уики кездейсоқ келушіге арналған тиянақты жасалған сайт емес, Уики келушілерді сайттың келбетін үнемі өзгертетін үздіксіз жасау мен серіктестікке тартқысы келеді.

Тағы қараңыз Wikia

Санат:Уики