Әбу Мұхаммед Абдуллаһ ибн Муслим ибн Қутайба әл-Куфи әл-Мәруәзи әд-Динәуәри (828, Куфа—889, Бағдат) — көрнекті мұсылман ғұламасы, Құран тәпсірлеуші, мухаддис, фақиһ, тарихшы, әдебиеттанушы, лингвист.
Өмірбаяны Ибн Қутайба Куфада дүниеге келіп, өмірінің көп бөлігін Бағдатта өткізді. Ол Бағдатта Исламның көптеген мектептері мен ағымдарымен танысып, аббасилер халифатының ал-Муаффақ, әл-Мутауәккил, Хорасанның әкімі Абдуллаһ ибн Таир сияқты көптеген ықпалды тұлғаларымен таныс болды. Діни қызметпен қатар мемлекеттік жұмысты атқарып, Динауар (en) қаласының шариғат соты қызметін атқарды. Ибн Қутайба 63 жасында Бағдатта қайтыс болды.
Шығармалары Тәпсірлер: «Мушкил әл-Құран» «Мушкил әл-Хадис» Фиқһ бойынша: «әл-Ашриба» «Китаб әс-Сыям» Тарих бойынша: «әл-Имама уәс-Сияса» «Китаб ән-Нәсәб» «Китаб әл-Мағариф» Биология бойынша: «Китаб әл-Джарасим» «Китаб ән-Нәбәт» Сонымен қатар: «Китаб әл-Ануа» — астрономия бойынша. «Ғуйун әл-Ахбар» — әдеп бойынша. «Китаб табақат әш-шуғара» — ақындардың өмірбаяндары. «Китаб әдәб әл-катиб» — хатшыларға стилистика бойынша нұсқаулық.
Тағы қараңыз Мұсылман ғалымдары
Санат:Мухаддистер