Амангелді ИсақовҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері(1950), 1930 - шы жылдары ҚазССР-інде егін даласында тұңғыш рет аты шыққан қазақ механизаторларының бірі. 1905 жылы қазіргі Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Коновиценко кентінде туған

Руы — Уақ. Еңбек жолдары Еңбек жолын Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін жалшылықтан бастады. 1955 жылға дейін "Елтай","Еркін еңбек" колхоздарында еңбек етті. 1936-1960 жылдары В.И.Ленин атындағы совхоздың комбайншысы болды. Ол социалистік жарыстың бастаушысы болған. Бір кездері еңбек даласында "Механизаторлар, Амангелді Исақовқа теңеліңдер!" деген үндеу сөздері туды. Ол - жаңашыл: комбайндарды топтап пайдалану, оларды тоқтаусыз жүргізу, комбайн шанағындағы астықыты машинаға жүріп бара жатып тиеу, суды комбайн радиаторына тоқтамай құйып алу сияқты әдістерді алғаш болып пайдаланған механизатор. 1950 жылы Бейбітшілікті жақтаушылардың Бүкіл дүниежүзілік Стокгольм конгресіне қатысты. Қазақстан Компартиясы 8 және 10 съездерінде оның ОК-нің мүшелігіне сайланды.

Наградалары Ленин ордені 3 рет Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері(1950) Медальдар

Дереккөздер

Герои Социалистического Труда — казахстанцы [Текст] : в 5 т. / сост.: А. Б. Бейсембаев [и др.]. — А.-А., 1970. — Т. 3. — С. 147—148 Календарь дат и событий Костанайской области на 2010 год, Выпуск 37, Костанайская областная универсальная научная библиотека им. Л. Н. Толстого, Костанай, 2009, стр. 19

Санат:Социалистік еңбек ерлері