Жарас Молдабекұлы ОспанбековҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері(1976), шопан, ауыл шаруашылығы озаты. 15 мамыр 1937 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданы, Киров совхозында туған.
Ысты руынан шыққан. Еңбек жолдары 1961-1963 жылдары Шу өнеркәсіптік пайдалану бөлімшесінде, суландыру жүйесі басқармасы Киров бөлімшесінде еңбек етті. 1963 жылдан "Далақайнар" ауылының аға шопаны болды. 1968 жылдан КОКП мүшесі. 1983 жылы әр 100 саулықтан 172 қозы алып, әр қойдан 4,6 кг жүн қырықты. 10-сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болды.
Наградалары 3 рет Ленин ордені Социалистік Еңбек Ері(1976) Медальдар
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері