Жанарбек ШүленбаевҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері(1976), ауыл шаруашылығының озаты, ұстаз-тәлімгер. ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты(1976). 1932 жылы Семей облысы(қазіргі Абай облысы), Шұбартау ауданы Қосағаш ауылында туған.
Еңбек жолдары 1944 жылы"Қосағаш" колхозында колхозшы болды. 1950-1954 жылдары - Шұбартау ауданының Бақанас МТС-інде тракторшы. 1957-1969 жылдары - Ш.Уәлиханов атындағы совхозда тракторшы. 1959 жылдан КОКП мүшесі болды. 1969-1971 жылдары - аға шопан. 1971 жылдан осы совхоздың қой өсіретін "Тұлпар" комсомол-жастар бригадасының ұстаз-тәлімгері болды. Ол басқарған бригада жыл сайын әр 100 саулық қойдан 125-137-ден қозы алды. Мемлекетке өткізілетін әр қойдың салмағын 54 кг-ға, қозыны 38 кг-ға жеткізді. 10-сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болды.
Наградалары 2 рет Ленин ордені Еңбек Қызыл Ту ордені "Құрмет Белгісі" ордені Социалистік Еңбек Ері(1976) ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты(1976) Медальдар
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері