Сицилиа́н гамби́ты — дебют, келесі жүрістермен басталады: 1. e2—e4 c7—c5 2. b2—b4 жартылайашық дебютарға жатады.

сицилиан қорғанысында пешканы құрбандыққа шалу. Кейде әдебиетте сицилиан қорғанысының 2. b4пен гамбиттық нұсқасы орталық 2. d4 пешкасы құрбандыққа шалынатын Мор гамбиты — «орталық сицилиан гамбитымен» салыстыра «флангылық сицилиан гамбиты» деп аталады. Гамбит идеясы Гамбит идеясы - с пешкасын орталықтан көңілін аулап, оны құны кем b пешкасына айырбастап, және де гамбит түрлерінің барлығына тән пешканың құрбаны құнымен дамуда озу. Ең тән нұсқасы:

2. . . . c5:b4 3. a2—a3 b4:a3 4. Kb1:a3 . . .5. Cc1—b2 және позиция ақтар үшін перспективті деп бағаланады.

Тарихы Бұл гамбит алғаш рет 1623 жылғы итальяндық қолжазбада ескеріледі.

XX ғасырда мықты шахматистшылардан бұл гамбитты Пауль Керес Керес-Ульберг, Таллин, 1934 Chessgames және Давид БронштейнБронштейн Д. И. Самоучитель шахматной игры. Шығ. ші. — М.: Физкультура и спорт, 1987, б. 95 қолданған.

Нұсқалары

Қаралардың сицилиан гамбитына күшті қарсылығы болғандықтан , мысалы: 2. . . . c5:b4 3. a2—a3 d7-d5 4. e4:d5 Фd8:d5 5. Кg1—f3 e7—e5 6. a3:b4 Cf8:b4 көптеген шахматистшылар дәл осы гамбиттық идеяны жүрістердің басқа ретімен өткізеді :

1. e2—e4 c7—c5 2. Kg1—f3 d7—d6 3. b2—b4 Ондай нұсқада сицилиан гамбитын Пауль Керес Керес — Елисказес, Земмеринг, 1937 Chessgames, Давид БронштейнБронштейн — Левин, КСРО, 1969 Chessgames, Александр Алехин Алехин — Карлз, Краков, 1941 Chessgames, Рудольф Шпильман Шпилман — Голомбек, Маргейт (Англия), 1938 Chessgames ойнады.

3. . . . c5:b44. d2—d4 Kg8—f65. Cf1—d3 e7—e66. Kb1—d2 Cf8—e77. 0 — 0 Kb8—c6 кейін нұсқа қаралар үшін берік, бірақ ақтарда шабуыл мүмкіндігі сақталған деп бағаланады.

Әдебиет Гамбиттер энциклопедиясы // А. А. Мацукевич, Ю. С. Разуваев. — М.: Астрель:АСТ, 2007. — 255б. — ISBN 978—5—17—042603—4 (ООО «Издательство АСТ») ISBN 978-5-271-16258-9 (ООО «Издательство Астрель»)

Ескертулер

Сицилиан Санат:Сицилиан қорғанысы Санат:Жартылайашық дебюттер