Мұрат ШалабаевҚазақ энциклопедиясы, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (31 қазан, 1949 ж.), шопан. 1896 жылы Қызылорда облысы Арал ауданында туған.

Еңбек жолдары 1913 жылдан1957 жылға дейін Амангелді атындағы колхозда шопан, аға шопан, қой фермасының меңгерушісі болды. 1957 жылдан кейін «Приаральск» совхозында шопан болды. Қарапайым еңбеккер малға жем-шөп дайындауда, суаттарды реттеуде, қора-қопсыны дер кезінде жөндеуде әрқашан іскерлік танытты. 1948 жылы ол отарындағы 407 қазақы тұқымды саулықтан 530 қозы алып, айрықша зор табысқа жетті. Сол жылы алынған қозыларды әр жүз саулыққа шаққанда 130-дан айналдырды. Отардағы әр қозы енесінен ажыратылғанда 42 кг-нан салмақ тартты. Бұл – үлкен жетістік болды.

Наградалары Ленин ордені "Еңбек Қызыл Ту" ордені КСРО Жоғары Советі Президумының 1949 жылғы 31 қазандағы Указымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Медальдар Грамотолар

Дереккөздер

ШАЛАБАЕВ МҰРАТ// Кызылординская областная универсальная научная библиотека имени Абдильды Тажибаева

Санат:Социалистік еңбек ерлері