Әбу Абдуллаһ Бадруддин Мұхаммед ибн Абдуллаһ ибн Баһадур әз-Заркаши әш-Шафиғи (1344—1392) — тегі түркі, Мысырда дүниеге келіп, сол жақта қайтыс болған ғалым, шафиғи мазһабының фақиһы. Шейх Джамалуддин әл-Аснауиден фиқһтан білім алады, Дамаскқа жол татып, сол жақта Имадуддин ибн Касирден білім алады. Халеб қаласына барып әл-Әзрағиден және басқаларынан білім алады.

Әз-Заркашидің ғылыми еңбектері: « әл-Бурһан фи улум әл-Қуран » «әл-Бахр әл-Мухит фи Усул әл-фиқһ» «әт-Тазкира фил-ахадис әл-муштаһира» «әл-Мансур фил-қауағид әл-фиқһия»

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер الزركشي، بدر الدين — Shamela.ws

Санат:Ислам тұлғалары Санат:Тұлғалар