Гонсало Херардо Игуаин (; 10 желтоқсан 1987, Брест, Франция) — аргентиналық футболшы, шабуылшы. "Реал Мадридтің" еурокубоктардағы 700-інші голының авторы. Игуаин Реалдың еурокубоктекі, 700-інші голын соқты.

Өмірбаяны Клубтық мансабы Аргентиналық кәсіпқой футболшы Хорхе Игуаиннің (8 маусым, 1957) жанұясында өмірге келеді. Ол сол уақытта Брест француз клубында қорғаушы позициясында ойнаған. Балаға 10 ай толған кезде, ата-анасы Аргентинаға қайтады. Осылай, французша сөйлемесе де, Игуаин француз паспортының иегері болып табылады.

Гонсалоның үлкен ағасы Федерико Игуаин де (25 қазан, 1984) кәсіпқой футболшы болып табылады. Ол Ривер Плейт (ағасымен бірге), «Индепендьенте», «Бешикташ» клубтарында шабуылшы ретінде өнер көрсеткен. Қазіргі таңда америкалық "Коламбус Крю" клубында ойнайды.

2004-2006 жылдары «Ривер Плейтте» ойнады. 2007 жылдан бастап - Реал Мадрид ойыншысы. 2008/9 маусымында Испания чемпионатында 22 гол, 2009/10 маусымында 27 гол соғады (Лионель Мессиден кейін бомбардирлер арасында 2 орын).

Гонсало Игуаин 10 қыркүйектегі Хетафеге қарсы ойында өзінің голдарына есеп ашады. 24 қыркүйекте Райо-Вальеканоға маусымдағы екінші голын соғады (6:2). 2 қазанда Эспаньолаға қарсы ойында маусымдағы бірінші хет-трик жасайды. 8 қазанда Аргентина ұлттық құрама сатысында Чили құрамасына қарсы ойында тағы хет-трик жасайды (4:1).

15 қазанда тағы үш голды Бетиске қарсы ойында соғады. Игуаин 2011 жылы Реал Сосьедадқа (1:0), Осасунаға (7:1), Атлетико Мадридке (4:1), Загребтік Динамоға (6:2) гол соқты. 2012 жылдың 31 мамырында Гонсало Испания чемпионатындағы Реал Мадридтің 100-голын соқты.

2012/13 маусымының бірінші ойынында Валенсияға қарсы гол соғады (1:1). Валенсия қақпасына соққан голы аргентиналыққа ресми ойындарда Реал үшін соққан 104-ші голы болды. Дәл осыншама голды Роналдо соққан, Пипита кезінде сол ойыншыны алмастыру үшін сатып алынған болатын. 2012 жылдың 7 қарашасында болған Чемпиондар лигасының топтық сатысында Дортмундық Боруссиямен болған матчта жарақат алып, 2 айға қатардан шығып қалды. 2013 жылы 6 қаңтарда болған "Реал Сосьедадпен" ойында Карим Бенземаны 74-минутта алмастырып,қатарға қайта оралды. 2013 жылдағы бірінші голын Испания чемпионатының 20-турында "Валенсияға" соқты.

25-турда "Депортиво" клубымен болған ойында Игуаин өз командасының жеңіс голын соқты. Бұл оның испан біріншілігінде соққан 100-голы болды. Бұл үшін оған барлығы 179 матч қажет болды. Барлығы "корольдік клуб" үшін 13 ойыншы ғана 100 голдан астам гол соққан. 25 жасар Игуаин солардың бірі атанып, 22 жасында осындай көрсеткішке жеткен Рауль Гонсалестен кейінгі ең жас ойыншы болды.

2013 жылы шілде айында Игуаин "Наполиге" ауысты. "Наполи" үш маусым ойнап, Италия чемпионы бола алмады, есесіне 2015/16 жылғы маусымда 36 гол соғып, А сериясының рекордын жаңартты.

2016 жылы 26 шілдеде "Ювентус" футболшысы атанды. Екі маусым қатарынан "алтын дубль" иегері атанды (Италия чемпионы және кубок иегері). Чемпиондар Лигасының финалына шығып, бұрынғы клубы "Реалдан" ұтылды - 1:4.

2018 жылы жазда "Ювентуске" Криштиану Роналду келген соң клуб Игуаинді "Миланға" жалға берді.

2018/19 жылғы маусымның екінші жартысын "Челсиде" арендада өткізді. 14 рет алаңға шықты да, бес голдың авторы және УЕФА Еуропа Лигасының жеңімпазы атанды. 2019 жылы 1 шілдеде "Ювентуске" қайта оралды.

Ұлттық құрама 2006 жылы Гонсало Аргентина және Франция футбол құрамаларынан шақыру алады, бірақ екі жаққа да келісім бермей, ойлануға уақыт алады. Кейінннен Аргентина құрамасына ойнауды жөн көредіИгуаин шешімге келді. Және ұтылған жоқ  — «Спорт-Экспресс», 18 шілде 2010.

2010 жылы Онтүстік Африка Республикасында өткен футболдан Әлем чемпионатында 22 жастағы Игуаин турнирдегі алғашқы хет-трик авторы атанды (Оңтүстік Корея құрамасына қарсы ойында, 4:1). Гонсало үшін бұл ұлттық құрамадағы 7-ойын болды. Игуаин бір матчте 3 гол соға алған 3-інші аргентиналық футболшы (оған дейін бұл нәтижеге Гильермо Стабиле (1930) және Габриэль Батистута қол жеткізді (1994 и 1998)). Гонсалоның хет-тригі әлем чемпионаттарының тарихындағы 49-шы болып, 2002 жылдағы Әлем чемпионатынан кейінгі бірінші хет-трик болды. 1/8 финалда Игуаин Мексика ұлттық құрамасына қарсы ойында тағы бір гол соқты. 1/4 финалда аргентиналықтар немістерден 0:4 есебімен жеңіліп, турнирден қайтты.

Игуаин 2014 жылғы әлем чемпионатында да бір гол соқты. Ширек финалда Бельгияның қақпасына ойын тағдырын шешкен жалғыз голды енгізді.

2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында Игуаин мүлде көзге түспеді. Чемпионаттан соң құрамадағы карьерасына нүкте қойды.

Статистика

Клубтік Ақпарат 2012 жылдың 21 сәуіріне сай.Higuain Statistics . Retrieved 27 қазан 2008.

КлубМаусымЛигаКубокҚұрлықтықбасқаБарлығыОйынГолПасОйынГолПасОйынГолПасОйынГолПасОйынГолПасРивер Плейт2004–05600000000–6002005–061255530420–211052006–07171011000200100201011Total 351516530620100472016Реал МадридЛа Лига 2006/071923200200–2323Ла Лига 2007/082583410500–3493Ла Лига 2008/093422921070011044249Ла Лига 2009/1032275100721–40296Ла Лига 2010/1117106210620–25136Ла Лига 20011/1232225512113120050258Ла Лига 2012/13330000000000330Барлығы16091311642387231021710335Бүкіл мансап194105472172449241026312251

Жетістіктері

Клубтық

«Реал Мадрид»

Испания чемпионы (3): 2006/07, 2007/08, 2011/12 Испания суперкубогы (2): 2008, 2012 Испания кубогы: 2010/11

«Наполи»

Италия кубогы: 2013/14 Италия суперкубогы: 2014

«Ювентус»

Италия чемпионы (2): 2016/17, 2017/18 Италия кубогы (2): 2016/17, 2017/18

«Челси»

УЕФА Еуропа Лигасы: 2018/19

Аргентина

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 2014 Америка кубогының күміс жүлдегері: 2015, 2016

Жеке

Аргентина чемпионатының үздік ойыншысы (2006, Апертура) Италия чемпионатының үздік мергені: 2015/16

Сілтемелер «Реал Мадрид» ФК ресми сайтында Гонсало Игуаин ESPN сайтында Игуаин ФИФА ресми сайтында

Дереккөздер

Санат:10 желтоқсанда туғандар Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Аргентина футболшылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Наполи ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Интер Майами ФК ойыншылары