Месут Өзіл ( ; ,; 15 қазанhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/35664 1988, Гельзенкирхен, Солтүстік Рейн — Вестфалия, Германия) — футболшы, тегі түрік, жартылай қорғаушы.
Мансабы
Клубтық Балалық шағында Германияның бірнеше клубының академиясынан өтті. 2005 жылы "Шальке" клубымен тұңғыш келісім шартын жасасты. Тұңғыш ойынын Германия лига кубогында өткізді.
2006/07 жылдан негізгі құрамда жиі ойнай бастады. Маусым бойы 19 кездесуде алаңға шықты.
2008 жылы қаңтарда "Вердермен" келісім шарт жасасты. 10 ақпанда "Баварияға" қарсы Германия чемпионаты ойынында "Вердер" сапында тұңғыш рет алаңға шықты. 26 ақпанда тұңғыш голын "Карлсруэ" қақпасына соқты.
2010 жылы тамыз айында "Реал Мадридке" ауысты. 29 тамызда "Мальоркаға" қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты. Бірінші голын 3 қазанда "Депортиво" қақпасына соқты. Ал Чемпиондар лигасындағы тұңғыш ойынын "Аякске" қарсы өткізді. 2011/12 жылғы маусым қарсаңында Лассана Диарра клубтан кетті де, Өзіл 10-нөмірлі жейдені киді. Маусымды "Барселонаға" қарсы Испания суперкубогында бастады. Алғашқы ойын "Сантьяго Бернабеуде" өтті де, 13-минутта Өзіл есеп ашты. Матч 2:2 есебімен тең аяқталды. Бірақ қос матч қорытындысына суперкубокты "Барселона" ұтып алды. Маусым қорытындысында Испания чемпионы атанды.
2012/13 жылғы маусымды Испания суперкубогындағы жеңіспен бастады. Бұл жолы да қарсыластары "Барселона" болды да, екі ойын қорытындысында "Реал" жеңіске жетті. 7 қазанда "Барселонамен" Испания чемпионатындағы ойында Криштиану Роналдуға нәтижелі пас шығарды (2:2). 17 қарашада маусымдағы тұңғыш голын "Атлетик Бильбао" қақпасына соқты.
2013 жылы клубқа Гарет Бейл келген соң қосалқы құрамда қалғысы келмеген Өзіл жаңа клуб іздеді. Қыркүйек айының басында "Арсеналға" ауысты. Жаңа клубы сапындағы тұңғыш ойынын 14 қыркүйекте өткізді. 1 қазанда тұңғыш голын "Наполи" қақпасына (Чемпиондар лигасының топтық кезеңі) енгізді. Маусым қорытындысында Англя кубогы жеңімпазы атанды.
2021 жылы 24 қаңтарда "Фенербахчеге" ауысты.
Ұлттық құрама 2009 жылы 11 ақпанда Норвегияға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет Германия құрамасы сапында алаңға шықты. 2010 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Гана қақпасына матч тағдырын шешкен жалғыз голды соқты. 2012 жылғы Еуропа чемпионатында 1/4 финалда екі нәтижелі пас шығарды, жартылай финалда Италия қақпасына пенальтиден бір гол соқты.
2014 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Алжир қақпасына бір гол соқты.
2016 жылғы Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде Украинамен ойынша Швайнштайгерге нәтижелі пас берді. Ширек финалда Италия қақпасына бір гол соқты.
2018 жылғы әлем чемпионатында Германия топтан шыға алмады да, Германияның көптеген футболшыларымен бірге Өзіл де құрамадағы карьерасын аяқтады.
Жетістіктері
Командалық
Вердер Германия кубогы: 2008/09
Реал Мадрид Испания чемпионы: 2011/12 Испания кубогы: 2010/11 Испания суперкубогы: 2012
Арсенал Англия кубогы (4): 2013/14, 2014/15, 2016/17, 2019/20 Англия суперкубогы (4): 2014, 2015, 2017, 2020
Германия Жастар арасындағы Еуропа чемпионы: 2009 Әлем чемпионы: 2014 Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 2010 Еуропа чемпионатының қола жүлдегері (2): 2012, 2016
Жеке
Германияның үздік футболшысы (5): 2011, 2012, 2013, 2015, 2016 Чемпиондар Лигасының үздік ассастенті: 2010/11 Еуропаның символикалық құрамы: 2012, 2013 Испания чемпионатының үздік ассистенті: 2011/12 Англия чемпионатының үздік ассистенті: 2015/16
Дереккөздер
Сілтемелер
Ресми сайт Статистикасы Профилі
Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Германия футболшылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншыларыСанат:Вердер ФК ойыншылары Санат:Шальке 04 ФК ойыншылары Санат:Фенербахче ФК ойыншылары Санат:Ыстанбұл Башахшехир ФК ойыншылары