Виктор Иванович Быковский (15.05.1919, Ресей, Саратов облысы, Балашов ауданы, Терновка ауылы - 31.7.1973, Молдова, Кишинёв қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант, әскери фельдшер, взвод командирі.

Петропавлға 1935 жылы келіп, медициналық училищені бітірген. 1939 жылы Кеңес әскері қатарына алынды. 1941 жылы Катта-Курган қаласында орналасқан 213-атқыштар дивизиясының пулеметшілер батальоны 201-бөлімше құрамында болды. 1942 жылдан майдандағы армияда, 224-гвардиялық атқыштар полкі санитарлар взводының (Дала майданының 72-гвардиялық армиясы) командирі болды. Быковский 1943 жылы Днепропетровск облысы Верхнеднепровск ауданы Бородаевка ауылы үшін болған ұрыста ерекше көзге түсті. Осы ұрыста көрсеткен ерлігі үшін Быковскийге КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (26.10.1943).

Соғыстан кейін Быковский Ангарск, Иркутск және Кишинёв қалаларында қызмет етті.Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:15 мамырда туғандар Санат:1919 жылы туғандар Санат:Балашов ауданында туғандар Санат:31 шілдеде қайтыс болғандар Санат:1973 жылы қайтыс болғандар Санат:Кишинёвте қайтыс болғандар Санат:КСРО лейтенанттары