Андрей Александрович Васильев (1898, Ресей, Орынбор облысы,Саракташ ауданы Кандауровка ауылы - 17.01.1945, Варшава, Сероцк ауданы,Зегже қаласы) - 2- дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға сержант, көлік взводының командирі. Орыстың Көлік жүргізуші курсын бітіргеннен кейін шофер, Азамат соғысында Саракташ кірпіш зауытында жүргізуші болды. Түркістан - Сібір темір жолын салуға қатысты. Кейін Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Белоусовка кентінде түрды. Кеңес әскері қатарына 1942 жылы шақырылып, Оңтүстік-Батыс майданда жүргізуші, кейіннен көлік взводының командирі болды. Ол Воронеж, 1- Украина және 2-Беларусь майдандарында Воронеж-Касторное (Курск облысы) және Белград-Харьков операцияларына, сонымен қатар Курск доғасында қорганыс шайқастарына, Днепр өзенінің сол жағалауындағы Украина, оң жағалаудағы Лютег плацдармын азат ету және кеңейту, Киев қаласын азат ету шайқастарына (1943), Львов- Сандомир шабуылдық операциясына (1944), Висла-Одер аралығында Варшава қаласынан солтүстікке қарай орналасқан жау бекінісін бұза-жарып өту операцияларына атысты. 269-атқыштар взводы командирінің орнында уақытша командир болды. 1943 жылдың 16 қазанында Новые Петровцы ауылы маңында (Киев облысы Вышгород ауданы) болған шайқаста Васильев взводы жаудьң бір топ әскерлері мен офицерлерін жойды, штабтың маңызды құжаттарымен бірге 6 пулеметті қолға түсір ді. Неміс-фашист басқыншыларымен аянбай күрескені үшін Васильевке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төрақасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды (10.1.1944Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза генералам, офицерскому, сержантскому и рядовому составу Красной Армии» от 10 января 1944 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1944. — 19 января (№ 3 (263)). — С. 1).
Васильев Польшаның Сероцк қаласының маңында болған шайқаста қаза тапты. Сероцк ауданы Зепке қаласының бауырластар зиратында жерленді. Шығыс Қазақстан облысы Глубоков ауданы Белоусовка кентінде Васильевке мемориалдық тақта орнатылған.Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1898 жылы туғандар Санат:1945 жылы қайтыс болғандар