Өзін-өзі басқару субъектісінің идентификациялық коды () — кейбір мемлекеттерде өзін-өзі басқару субъектісін сейкестендіру үшін қолданылатын сандық код (Германия, Австрия, Швейцария).
Сондай-ақ аймақтарды сәйкестендіру үшін басқа да жүйелер бар (пошта индексі, NUTS).
Германияда Германияда идентификациялық кодтар негізінде статистикалау мақсатында қолданылады. Оларды үйлестіру жұмысымен федералды жерлердің статистика мекемелері айналысады.
Құрылымы Германияда идентификациялық код 8 саннан тұрады. Алдыңғы 2 сан — жерін, ал үшіншісі — әкімшілік округін білдіреді. Әкімшілік округтері жоқ жерлердің 3-ші саны 0 болады (бұл институтты жақында жапқан Рейнланд-Пфальц, Саксония-Анхальт және Төменгі Саксония жерлерінен басқа). 4-ші және 5-ші сандар сәйкесінше округі мен қаласын, ал 6-шы, 7-ші, 8-ші сандар — жергілікті өзін-өзі басқару субъектісін білдіреді.
Үлгілер 08 1 11 000 — Штутгарт 08 — Баден-Вюртемберг жері 1 — Штутгарт әкімшілік окугі 11 — Штутгарт жер басқармасының қаласы 000 — (жер басқармасының қаласы ретінде Штутгарттің кейінгі бөліністері жоқ)
05 1 58 004 — Эркрат 05 — Солтүстік Рейн-Вестфалия жері 1 — Дюссельдорф әкімшілік окугі 58 — Меттманн окугі 004 — Эркрат қаласы
Федералды жерлер Федералды жерлер солтүстіктен оңтүстікке қарай орналасуына байланысты нөмірленген (1—9), хронологиялық ретте Германия федералды республикасына қосылады (10) және қалғандары әліпби бойынша (11—16).
01: Шлезвиг-Гольштейн 02: Гамбург 03: Төменгі Саксония 04: Бремен 05: Солтүстік Рейн-Вестфалия 06: Гессен 07: Рейнланд-Пфальц 08: Баден-Вюртемберг 09: Бавария 10: Саар 11: Берлин 12: Бранденбург 13: Мекленбург-Алдыңғы Померания 14: Саксония 15: Саксония-Анхальт 16: Тюрингия
Сілтеме Германия статистика мекемесі
Тағы қараңыз ОКАТО коды
Санат:Геокодтар