Боқсық, Бақсұқ – Есіл алабындағы өзен.
Географиялық орны Ақмола облысының Бұланды және Астрахан аудандары жерінде.
Бастауы Көкшетау қыратынан басталып, Қалқұтан өзеніне құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 171 км. Су жиналатын алабы 4930 км2. Боқсық жоғарғы ағысында, Капитоновка елді мекеніне дейін Қайрақты болып аталады. Өзен көктемде қар, жазда грунт суларымен толығады. Оның 10-нан астам салалары бар, ірілері: Жолболды, Мәт және Құрғақ өзендері. Жылдық орташа су ағымы 1,97 м3/с. Минералд. көктемде 0,2 – 0,35 г/л, жазда 1,5 – 2,0 г/л. Өзенде бірнеше бөгет бар. Суы шаруашылық қажетіне, жер суғаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Астрахан ауданы өзендері Санат:Бұланды ауданы өзендері Санат:Есіл су алабы