Большое – Ертіс өзені алабындағы көл.
Географиялық орны Абай облысы Бородулиха ауданы Белағаш ауылының шығысында 18 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 12,3 км2, теңіз деңгейінен 308,8 м биіктікте. Ұзындығы 11,8 км, енді жері 2,4 км, жағалауының ұзындығы 27 км. Су жиналатын алабы 310 км2. Ең терең жері 2,5 м. Негізінен қар және жер асты суымен толысады. Қарашада суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Жылдық су көлемінің массасы 18 млн. м3.
Жағалау сипаты Көл жағалауында бетеге, боз, селеу, бұталы шөптесіндер өседі. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Бородулиха ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы