Балай, Болай – Балқаш көлінің солтүстік бөлігіндегі түбек.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қаратал өзені атырауына қарама-қарсы жағалауында.

Жер бедері Ұзындығы 10 км, ені 10 – 12 км, ең биік жері 381 м. Солтүстік-батыс жағасына таяу Балықтыкөл шығанағы орналасқан. Силур жүйесінің жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Сортаң топырағында жусан, күйреуік, оңтүстік-шығысында қамыс, құрақ өскен.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Балқаш көлі түбектері Санат:Қарағанды облысы географиясы