Балаталдық мәрмәр кен орны - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жем темір жол стансасынан солтүстік-шығысқа қарай 110 км жерде.
Жатыс сипаты Жыныстарының түсі ақ, қоңыр қызғылт, қара сұрдан шымқай қараға дейін, құрылымы – ұсақ түйіртпекті. Физикалық-механикалық қасиеті бойынша қаптырма тас ретінде пайдаланылады. Аумағы 1,8 км2, пайдалы қабат қалыңдығы 20 м-ге дейін. Шамадағы қоры 2,5 млн. м2. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақтөбе облысы кен орындары