Асутөр – Күнгей Алатау жотасының орташа бөлігінде, Қыземшек тауының оңтүстік-батысындағы асу.
Географиялық орны Алматы облысы Райымбек ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 3933 м. Асудан салт атты адам өте алады.
Өсімдігі, жануарлары Баурайында шырша, арша, қарағай, т.б. бұталы өсімдіктер өседі. Жануарлар дүниесінен Сібір тауешкісі, тау арқары, т.б. мекендейді.Қазақ энциклопедиясы I том
Дереккөздер
Санат:Алматы облысы асулары Санат:Күнгей Алатау