Асцетоспоридиялар () – бір клеткалы қарапайымдар типі.
30-ға жуық түрі белгілі. Асцетоспоридиялар теңіз ұлуларының денесінде паразитті тіршілік етеді. Олардың споралары көп ядролы, олар жұқа қабырғасында болатын саңылау тесік арқылы бір немесе бірнеше ұрық иесінің (ұлудың) денесіне өте алады. Ұрықтан көп ядролы плазмодиялар жетіледі. Спораларында атқыш түзілістер болмайды. Бір спораның ішінде бір немесе бірнеше ұрық жетіледі. Асцетоспоридиялар устрица өсіретін шаруашылықтарға зиян келтіреді.Қазақ энциклопедиясы, I том
Тағы қараңыз Асцидиялар Асутөр
Сыртқы сілтемелер Асцетоспора (Ascetospora).
Дереккөздер
Санат:Паразитизм Санат:Қарапайымдылар