Алтынсандық – Қызылтас тауларының оңтүстік-батысындағы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде. Абсолюттік биіктігі 839 м. Тау солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр.

Жер бедері Солтүстік беткейі көлбеу, оңтүстік тіктеу келген оқшаулау тау массиві.

Геологиялық құрылымы Тас көмір граниті және гранодиориті қиып өткен пермь, тас көмір, силур және девонның эффузивті-тұнбалы шоғырларынан түзілген.

Өсімдігі Таудың ашық қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында ойдым-ойдым қайыңды-көктеректі шоқ талды орман, әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндер өседі.Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары