Алтынсарин ауданы — Қостанай облысындағы әкімшілік бөлініс. Жер аумағы — 5,4 мың км². Аудан орталығы — Обаған ауылы.

Тарихы Обаған ауданы алғаш рет 1928 жылы құрылды. Орталығы Урицкий ауылы болды.

1935 жылы Обаған ауданынан Урицкий ауданы бөлініп, орталығы Большая Чураковка болып қалды.

1963 жылы 2 қаңтарда Обаған ауданы таратылып, аумағы Қостанай, Семиозёр, Урицкий аудандары арасында бөлінді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының 1985 жылғы 9 қазандағы Қаулысымен Обаған ауданы қайта құрылды. Құрамына Қостанай ауданынан Большечураков, Владимиров, Димитров, Маяковский, Силантьев, Совхозный, Щербаков, Урицкий ауданынан Докучаев, Лермонтов, Новоалексеев, Свердлов, Семиозёр ауданынан Приозёрный ауылдық кеңестері еніп, әкімшілік орталығы Большая Чураковка ауылы болып бекітілді. Ыбырай Алтынсариннің туғанына 150 жыл толуына орай 1991 жылы 5 шілдеде Обаған ауданы Алтынсарин ауданы болып өзгертілді.

Географиялық орны, жер бедері Солтүстігінде Меңдіқара, батысында Қостанай, шығысында Сарыкөл, Қарасу, оңтүстігінде Әулиекөл аудандарымен шектеседі.

Аудан Қостанай облысының солтүстік және орталық бөлігінде, Батыс Сібір жазығындағы Тобыл, Обаған өзендерінің суайрығында орналасқан. Жері жазық, теңіз деңгейінен 150—200 м биіктікте. Пайдалы қазбалардан саз, боксит, қоңыр көмір барланған.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы қоңыржай жылы. Қаңтардағы орташа температура — -17—-18°С, кей жылдары -40°С-тан төмен, шілдеде — 21—22°С, кей жылдары 37°С-қа дейін жоғарылайды. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 – 300 мм шамасында. Су қоры шығысында Обаған өзенінің орта ағысын, оңтүстік-шығысында Құсмұрын көлінің солтүстік бөлігінен және көптеген ірілі-ұсақты көлдерден тұрады. Ірілері: Талы, Байжарық, Ұзынкөл, т.б. Топырағы тұтастай қара қоңыр және сортаң қара қоңыр. Бетеге, селеу аралас әртүрлі шөптер өседі. Ауданның солтүстік-батысын Арақарағай орманы, солтүстік-шығысын Сарыкөл орман шаруашылығына қарасты қайыңды тоғайлар алып жатыр. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, орманда аздап бұлан мен тиін; құстардан бүркіт, кезқұйрық, қарақұр, жазда көл мен өзен бойларында қаз, үйрек, қызғыш, тауқұдірет, жылқышы, аққу, т.б. мекендейді.

Халқы 1939 1959 1989Ресей империясы,  КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 21412 19931 32542 20367 15688 13330 Тұрғындар саны – 13 846 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 37,74%, орыстар – 38,34%, украиндар – 11,85%, немістер – 5,29%, татарлар – 1,85%, беларустар – 1,51%, басқа ұлт өкілдері – 3,42%.

Әкімшілік бөлінісі 25 елді мекен 1 ауылдық әкімдік пен 8 ауылдық округке біріктірілген: Әкімшілік бірлікОрталығыЕлді мекендеріХалқы (2021) Димитров ауылдық округі Танабай ауылы 2 723 Қызыл Кордон ауылдық округі Қызыл Кордон ауылы 1 848 Мәриям Хакімжанова ауылдық округі Щербаково ауылы 4 2329 Новоалексеев ауылдық әкімдігі Новоалексеевка ауылы 1 657 Обаған ауылдық округі Силантьевка ауылы5 3179 Омар Шипин ауылдық округі Первомайское ауылы 2 609 Свердлов ауылдық округі Свердловка ауылы 1 880 Үлкен Чураков ауылдық округі Үлкен Чураковка ауылы 5 1954 Ілияс Омаров ауылдық округі Ілияс Омаров ауылы 4 1446

Ірі елді мекендері Елді мекен Халқы (2021) Щербаково 1784 Силантьевка 1655 Үлкен Чураковка 1443 Свердловка 880 Қызыл Кордон 848 Новоалексеевка 655 Докучаевка 575 Танабай 564 Кіші Чураковка 559 Обаған 516

Шаруашылығы Аудан негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Ауыл шаруашылығына жарамды аумағы 345,1 мың га, оның 221,3 мыңы егістік, 0,5 мыңы шабындық, 117,8 мыңы мал жайылымы. Аудан арқылы Қостанай—Көкшетау–Қарасу темір жолы және Қостанай—Көкшетау—Қарасу автомобиль жолдары өтеді.

Дереккөздер

Санат:Алтынсарин ауданы