Ақмырза – Сілеті өзенінің оң саласы.
Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданы жерімен ағады.
Бастауы Ерейментау тауының солтүстік тарамдарынан ағып шығатын Қуаныш пен Қарасу өзендерінің қосылуынан пайда болады.
Гидрологиясы Ұзындығы 46 км, су жиналатын алабы 2780 км2, ең терең жері 3 м. Қар суымен толығады. Суы шаруашылық қажетіне пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы, ҚР табиғаты
Дереккөздер
Санат:Ерейментау ауданы өзендері Санат:Сілеті су алабы