‎right|thumb|350px

Ақмыш – Орталық Қаратаудың солтүстігіндегі бұлақ.Қазақ энциклопедиясы, ҚР табиғатыМаңғыстау облысы Түпқараған ауданы жерінде. Қалың ши өскен жыраны бойлай ағып жатыр. Бұлақты жиектей ағаш егілген. Төменгі жағынан тоған жасалған. Ақмышта 1920 ж. уездік қаржы бөлімінің бастығы Хажы Оңғалбаевтың басшылығымен балалар үйі ашылған. Кейіннен ол Қаңғаға көшірілді. Ақмыш қазіргі саяхатшылар демалатын аялдама.

Атаудың сөзжасамдық сипаты Атау ақ (етістік) және –мыш жұрнағы арқылы жасалған. С.Қондыбай –мыш тұлғасын оғыз тіліндегі «бұлақ» деген сөз деп қарастырады. Топоним құрамындағы -мыш – есімшенің көне жұрнағы. М.Томанов «-мыш – Орхон Енисей жазбалары тілінде, сондай-ақ кейінгі орта ғасыр жазбаларында да есімшенің өткен шағын жасаған аффикс: қалмыш (қалған), тегміш (түйіскен), қазіргі біздің тіліміздегі –ған аффиксінің қызметін атқарған», – деп көрсетеді. Демек, Ақмыш «аққан бұлақ» деген мағынаны білдіреді.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан бұлақтары Санат:Маңғыстау облысы