Қабырға – Торғай алабындағы өзен.
Географиялық орны Қостанай облысы Жангелді ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 144 км, су жиналатын алабы 3870 км2.
Бастауы Тікбұлақ және Ащыбұлақ өзендері құйылысынан басталып, Өлкейек өзеніне құяды.
Гидрологиясы Аңғары бас жағында тар, төм. бөлігінде кең, жайпақ өзектерге бөлінеді. Су деңгейі көктемде көтеріледі. Жазда суы тартылып, қарасуларға бөлініп қалады. Жылдық орташа су ағымы сағасында секундына 1,11 м3-ді құрайды. Өзен суы мал суаруға, шабындықты көлтабандатып суландыруға пайдаланады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Торғай су алабы Санат:Жангелді ауданы өзендері