Қабыскөл – Ойыл алабындағы көл.

Географиялық орны Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ақшілік қыстауының оңтүстік-шығысында 52 км жерде, теңіз деңгейінен 67 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Ендік бағытта жатқан көлдің аумағы 5,3 км2, ұзындығы 3,8 км, енді жері 1,6 км, жағалау бойының ұзындығы 11 км. Шаруашылыққа жарамсыз.ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫ: «Қазақ энциклопедиясы» Алматы, 2011. 3-том ISBN 9965-893-64-0 Дереккөздер

Санат:Ойыл су алабы көлдері Санат:Қызылқоға ауданы көлдері