Итарқа – Баянауыл тауларының оңтүстік-шығысындағы тау.

Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жүсіпбек Аймауытов ауылының солтүстік-батысында 4 км-дей жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 471 метр. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 17 км-ге, енді жері 7 км-ге созылып жатыр.

Жер бедері, геологиялық құрылымы Беткейі көлбеу келген. Тау силур мен девон кезеңдерінен, кристалды гранит, тақтатас жыныстарынан түзілген. Аймақ магнитті аномалиялық ауданға жатады. Батысында бірнеше ұсақ көлдер бар. Таудан Еспе және Қарасу өзендерінің салалары бастау алады.

Өсімдігі Тауалды қоңыр топырағында жусан, сұлыбас, боз, селеу, бетеге өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Баянауыл ауданы таулары