Итбас – Төретай таулары мен Балқаш көлінің аралығындағы оқшауланған тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ащыөзек қонысынан солтүстікке қарай 25 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 612 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км.

Жер бедері Беткейлері көлбеу, түпкі жыныстары жалаңаштанған. Маңында Тесіктас бұлағы, Қызылқұдық құдығы орналасқан.

Геологиялық құрылымы Силур жүйесінің төменгі кезеңінің тау жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Сұр қоңыр, тақыр типтес сортаңды топырақ жамылғысында эфемерлі сұр жусан, күйреуік, баялыш, бұйырғын өседі. Тау етегі мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары