Жыңғылшығанақ – Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты аумақта орналасқан көл. Сырдария өзені бойында. Арыс темір жол станциясынан батысқа қарай 42 км жерде, теңіз деңгейінен 201 м биіктікте.

Гидрографикасы Аумағы 1,6 км2. Сырдария өзені жағасынан 500 м жерде. Ұзындығы 2 км, енді жері 500 м, жіңішкеленіп доғаша иіліп созылып жатыр. Суы желтоқсанның басында қатып, наурызда ериді. Оңтүстігінде Жаманжиде қыстауы бар. Кей жылдары Сырдария өзеніне қосылып кетеді. Суы тұщы. Мал шаруашылығына пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Арыс қалалық әкімдігі көлдері Санат:Сырдария су алабы