Жіңішке – Іле алабында, Шілік өзенінің сол саласы.
Географиялық орны Алматы облысы Талғар және Райымбек аудандары жерімен ағады.
Бастауы Бастауын Іле Алатауындағы Саз тауынан (4241 м) алады. Тау шатқалдарымен аға отырып, Жаңаталап ауылының тұсында Шілік өзеніне құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 60 км. Мұздық пен жауын-шашын суларымен толығады. Өзен суы толықтай шаруашылық қажетіне пайдаланылады. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Райымбек ауданы өзендері Санат:Талғар ауданы өзендері Санат:Іле су алабы